«ҚазАгроҚаржы» АҚ тұрақсыздық айыбын есептен шығару бойынша акцияның басталғаны туралы хабарлайды

ҚазАгроҚаржы ақшалай міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын толық көлемде есептен шығару жөніндегі акцияның басталғаны туралы хабарлайды.

Акцияға қатысу шарттары:

1. Қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты ақшалай міндеттемелерді орындау бойынша мерзімін өткізіп алған және 2023 жылғы 01 шілдеден бастап қаржыландыру шарттары бойынша төлемдерді қайта құрылымдауды/ұзартуды алған клиенттерге – 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелген тұрақсыздық айыбы есептен шығарылады.

2. Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар клиенттер 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін оларды толық өтеген жағдайда – 2023 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда есептелген тұрақсыздық айыбы есептен шығарылады.

Акцияға қатысу үшін клиенттер жазбаша өтініш беруі керек.

Толық ақпарат алу үшін ҚазАгроҚаржы өңірлік филиалдарына хабарласуға болады.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру