Сіздерді "Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі 2016"Бірінші халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Жаңалықтар

Сіздерді «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі – 2016» бірінші халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз

«Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі - 2016» бірінші халықаралық конференциясының қатысушылар тізімі күн сайын жаңартылады, - деп хабарлады оқиға ұйымдастырушылары - «Қазагромаркетинг» АҚ мен «АӨК-Информ: көкөністер және жемістер» жобасы. Соңғы апта ішінде келесі компаниялар іс-шараға өздерінің қатысатындықтарын растады:

  • "РУСБАНА инжиниринг Украина" ЖШҚ – компания көкөністерді, жемістер мен жидектерді қайта өңдеу бойынша сапалы жабдықтарды жеткізеді;
  • DLV Plant (Нидерланды) – дүние жүзінің көптеген елдерінде ауыл шаруашылығының жобаларын, соның ішінде жеміс-көкөніс саласындағы жобаларды жүргізу бойынша үлкен тәжірибесі бар халықаралық компания.
  • Tokam Ltd. (Кипр/Нидерланды) – жеміс-көкөніс бизнесі үшін қазіргі заманғы жабдықтарды, суландыру жүйелерін, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізетін халықаралық компания.
  • Superior d.o.o. (Сербия) – көкөніс дақылдарының тұқымдары мен жеміс ағаштарының көшеттерін өндіру және эспорттау. Бүгінгі таңда компания дүние жүзінің 18 еліне өнім жеткізеді.
  • «ИНФРОСТ» компаниясы (Ресей) – жеміс және көкөніс қоймаларын тұрғызу және жарақтандыру. Реттелмелі атмосферада ұзақ мерзімді сақтау технологиялары.
  • «ЕВРАЗИЯ ФРУКТ» ЖШҚ (Қырғызстан) – жеміс-көкөніс бизнесі үшін озық гофротара өндірушілердің бірі;
  • "Инсолар-Холод" ЖШҚ (Украина) – суықпен қамтамасыз ету, желдету, энергияны үнемдеу, логистикалық қоймалар, көкөніс- және жеміс қоймаларына арналған жабдықтар;
  • Сайдинова С.Т. ЖК (Қазақстан, Алматы облысы) – фермерлерге логистикалық шешімдер ұсыну;
  • Қайрат ШҚ (Қазақстан, Павлодар облысы) – бақша дақылдарын өсіру, өткізу және селекциялау;
  • Наргиз ШҚ (Қазақстан, Алматы облысы) – көкөніс өсіру бойынша мамандандырылған фермер қожалығы;
  • Сейдалиева Р.К. ШҚ (Қазақстан, Алматы облысы) – алма өсіру;
  • Шухрат ШҚ (Қазақстан, Алматы облысы) – көкөніс өндіру мен сату;
  • Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастықтар қоры (Қазақстан) – ауыл фермерлерін қолдау;
  • “Сварог Вест Груп” буковиналық бақшасы (Украина) – қызметтік бағыттарының бірі кәсіби алма өсіру болып табылатын агрохолдинг;
  • Plattenhardt + Wirth GmbH (Германия) – жеміс-көкөніс өнімдерін ұзақ мерзімді сақтайтын технологияларды жеткізушілердің бірі.
  • «LOYALMATY GROUP» ЖШС (Қазақстан, Алматы қ.) – агробизнес.
  • Стрелец А.В. ЖК (Қазақстан, СҚО, Есіл ауданы) - Картоп өсіру және Биогумусты өндіру.
  • Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығын  жылжыту федерациясы – KAZFOAM  (Қазақстан, Алматы) - Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту.
  • Қазақ АӨК экономикасы мен ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ (Қазақстан, Алматы қ.) – Агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы бойынша ғылыми зерттеулер.
  • "Ақтоғай-Агро" фирмасы ЖШС (Қазақстан, Павлодар облысы) -  жеміс-көкөніс өнімдерін және дәнді дақылдарды өсіру, селекциялау және сату.
  • «Algabas Agri-Food» ЖШС (Астана қ.) – жидектерді өсіру.
  • «Агрофирма «Приречное» ЖШС (ШҚО, Семей қ.) - көкөніс өнімдерін: картоп, қызылша, сәбіз, пияз өсіру.
  • «Қазақстанның картоп пен көкөністер өндірушілер  одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі -  Қазақстан Республикасында картоп шаруашылығы мен көкөніс шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу, оның мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, Одақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік билік және басқару органдарында, мемлекетаралық, мемлекеттік емес және басқа ұйымдарда олардың атынан өкілдік ету.
  • «Ильяс» ЖК -  а/ш өнімдерін, жеміс, жидек дақылдарын өсіру.
  • «ECO – GROUP KAZ» ЖШС (Қазақстан, Алматы облысы) – Көкөністер мен гүлдер өсіру. Жылыжай кешендерін тұрғызу.
  • «Бекас АГРО» ЖШС (Алматы қ.) – көкөністерді өндіру мен сақтау.
  • «Тэрра» ШҚ - (Қазақстан, Қостанай облысы) – Көкөністер мен картоп өндіру және өткізу.
  • «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
  • «Голд Продукт» АҚ – Шарап, шырындар, консервіленген өнімдер өндіру, көкөністерді өсіру мен өткізу.
  • "ЭкоАгроПродукт" ЖШС – көкөністерді өсіру мен өткізу.
  • «DarRus Stock» ЖШС – көкөністерді, жемістерді және азық-түлік тауарларын қаттау және сақтау.
  • «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «Алматы Снэк Фуд» филиалы – Картопты қайта өңдеу. Grizzly қытырлақ картобын өндіру.
  • «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы – агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтік қызмет.
  • «Аманкелді» ЖШС – ОҚО аумағында бидай, мақсары, арпа мен жемістер (жүзім, алма, қараөрік, алмұрт, шабдалы, қызыл шие, айва) өсірумен және қайта өңдеумен айналысатын компания.
  • «Green Land Alatau» ЖШС – жеміс және көкөніс өнімдерін өсіру.

Конференция 20-21 қазанда Қазақстан, Алматы қ., Тимирязев көшесі, 2Д, мекен-жайындағы Holiday Inn Almaty мейманханасында екі күндік форматта өтеді.

Конференцияның негізгі аудиториясын жеміс және көкөніс өнімдерінің өндірушілері мен қайта өңдеушілері; көтерме және бөлшек сауда өкілдері; Қазақстаннан көкөніс пен жеміс импорттаушылары; сондай-ақ дүние жүзінің басқа елдерінің компаниялары; МТР, ӨҚҚ, тыңайтқыштардың, көшеттер мен тұқымдық материалдардың жеткізушілері; жеміс және көкөніс өнімдерін жетілдіру мен қайта өңдеу бойынша шешімдер ұсынатын компаниялар; қаржылық және инвестициялық мекемелер; мамандандырылған БАҚ және т.б. құрайды.

Анықтама: Конференцияның жұмыс істеу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Оқиға қатысушыларына қосылу үшін, тіркеу нысанын толтыру керек.

Конференция туралы толығырақ ақпарат алу үшін, конференцияның ұйымдастыру комитетіне жүгініңіз:

Әділхан Сағымбаев +7 7172 555 436, моб.: +7 701 588 5497, e-mail: adilet@list.ru   http://www.kazagro.kz/web/kam/almaty2016

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру