(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Суретті репортаждар

«Жұмыртқа жай емес, алтын»: Құс фабрикасындағы технологтың өмірінен бір күн

Ең дәмді де жаңа шыққан жұмыртқаны қалай таңдап алуға болады? Мінсіз табиғи өнім алу үшін, өндіруші қандай технологияны сақтауға тиіс? Осы сұрақтардың бәріне жауап табу үшін, NUR.KZ тілшілері қазақстандық құс фабрикасының бас технологымен бір күн өткізді.


Жылына 300 миллионнан артық жұмыртқа – бұл санды тіпті көзге елестетуге де қиын, дегенмен де, дәл осыншама жұмыртқаны Елена Акмурзаева бас технологы болып жұмыс істейтін қазақстандық құс фабрикасы шығарады.

Кәсіпорындағы оның басты міндеті – әр тауық дәл мерзімінде жұмыртқалап, қазақстандықтарды дәмді де жаңа шыққан жұмыртқамен қамтамасыз ететіндей құстарға жағдай жасау және өндіріс процесін қалыпқа келтіру. Технолог өзінің жұмыс кестесін бір жылға алға жазып қойған.

«Әр қыркүйек сайын мен толық бір жылға технологиялық карта түзіп қоямын. Бұл картаны циклограммаға саламын – онда әрбір күнге жұмыс мөлшері жазылған. Ретпен атқарылған жұмыс – бізге жылына 12 рет 75 000 балапан әкеледі, яғни жыл сайын мен сатып алу үшін компанияға өтінім беремін.


Ай сайын жаңа балапандарды отырғызу алдында біз құс қораны босатамыз – 10 күнге дейін жетілген тауықтарды ересек тауықтардың қорасына ауыстырамыз, ал 560-600 күндік ересек тауықтарды соямыз», - деді «Қазгер Құс»  кәсіпорынының бас технологы.

Бұл құс фабрикада 16 ересек тауықтың қорасы және 4 балапан қора бар – әрқайсысында 75 000 құстан. Сонымен қатар 2 жұмыртқа сұрыптау цехы мен құрама жем зауыты бар.


Осының бәрі бас технологтың қарамағында – ол құстарды асырау, тамақтандыру, вакциналау технологиясының сақталуын, шыққан жұмыртқалардың санын, сондай-ақ оларды сұрыптау, тоғандақтау және сақтау шарттарын қадағалап отырады.

МЕКИЕН ТАУЫҚТАР ҚАЛАЙ ТІРШІЛІК ЕТЕДІ

Технолог бізді орасан кең қораға кіргізді – бұл құс қорада 75 000 тауық, кішігірім торлардың әрқайсысында 7-8 құстан тұрады. Мұнда ересек тауықтар тұрады – әк күн сайын 100 микиен тауықтың 96-сы бір жұмыртқадан береді.


«Күн сайын бақылау жүргізу үшін, бүкіл құс фабрикасын аралап шығу мүмкін емес, сондықтан маған көмектесетін тағы да бірнеше технологтар бар. Олар күнде есептілік журналын жүргізеді, ал мен көбінесе осы цифрларға бет қоямын – солар бойынша технологтың кез келген бұзушылықтары көрінеді.


Бізде әр құс қорада құс бағушы мен слесарь бар. Бәрі автоматтандырылған болса да, құс бағушы күн сайын барлық көрсеткіштерді қадағалап отырады – ылғалдылықты, СО2, температураны.

Құс суаратын астауларға су үнемі келіп тұру үшін, оның қысымын тексеріп отырады. Құстардың қалай тамақ жейтінін қарайды. Күніне төрт рет жемшөп бункері автоматты түрде жемшөп таратады. Егер құс тамақ жемей тұрса – бірдеңе болды, жем ұнамады, не болмаса құс ауырып қалды», - дейді Елена.


Балапандарда да ерекше тамақтандыру тәртібі бар – 100 күн бойы оларды ерекше тамақтандыру тәртібін сақтай отырып өсіреді. Оларды етке емес, мекиен ретінде өсіреді, сондықтан құстардың барлық органдары, жұмыртқа жолдары жетілетіндей етіп және семіріп кетпейтіндей етіп тамақтандырады.

Бақылаудың тағы да бір маңызды бөлігі – вакциналау. Имуноферменттік талдағыштың көмегімен құстардың ауруларына олардың қанын үнемі мониторингтеп отырады. Әдетте, бұл Ньюкасла, жұқпалы бронхит, ринотрахеит және ЖТС – соларға қарсы вакциналайды.


Сондай-ақ құс қорадағы күн мен түннің жасанды ауысымын қадағалайды. Тауықтарда бұл айрықша болады – жұмыртқаның пайда болуына әсерін тигізетін жыныс гормоны дұрыс қалыптасу үшін.

«Мында далада қандай температура, қорада қандай температура тұрғанын көрсетеді. Желдеткіш, жылытқыш қалай жұмыс істеп тұрғанын, қандай ылғалдылық, тауықтар қанша жем жеп, су ішті және т.б. Сонымен қатар қанша тауық өлгенін көрсетеді – шығын күнде болып тұрады , бұл қалыпты жағдай», - технолог қадағалағыш жабдық орнатылған бөлек орынды көрсетті.


ЖҰМЫРТҚА СҰРЫПТАУ ЦЕХЫНДАҒЫ АНАКОНДА

Құс қорадағы торлар – көлбеу орналасқан, жұмыртқалар лентаға домалап түседі, ал лента оларды жұмыртқа сұрыптау цехына апарады. Жұмыртқалар цехқа енді үлкен әрі кең лентада – анакондада «кіреді».

Цехтағы жабдық – айрықша мақтанышымыз. Толығымен автоматтандырылған – конвейер, ішіне өнім салынған дайын тоғанақтарды тек жинап алу ғана қалған. Мұнда да қатаң есептілік жүргізіледі – бас технолог барлық цифрларды бақылап отырады.



«Біз мұндай голланд жабдығы орнатылған Қазақстандағы жалғыз құс фабрикасымыз. Бұл жобаны біздің кәсіпорын үшін жабдық сатып алуды қаржыландырған «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауының арқасында іске асыру мүмкін болды.  Осы көмектің арқасында өндірісті ең жоғары деңгейге шығара алдық», - деді Елена Акмурзаева.


Сұрыптаудың бірінші кезеңі ғана қолмен атқарылады – жұмысшы лентаны былғамау үшін, қатты ластанған және жарылған жұмыртқаларды іріктеп алады. Одан арғысын машина жасайды.

Жұмыртқалар бактериялардан ультракүлгінмен өңделеді, содан соң аппарат кірі аздау жұмыртқаларды бөліп тастайды – олар ұнтаққа кетеді. Микрожарықтары бар жұмыртқаларды да айырады – оларды алып тастайды, өйткені мұндай өнімді жеу қауіпті. Қаны бар жұмыртқаларды да аппарат алып тастайды – олар қауіпті емес, бірақ эститика жағынан жарасымды емес, оның үстіне МЕСТпен тыйым салынған.


Бүкіл тексерістерден өткен жұмыртқалар салмағы бойынша бөлініп қойылады – санаты соған байланысты болады. Өнім әр түрлі ленталармен жылжып отырып, содан соң буылып-түйіледі.


Қазір санат бесеу: жоғары санаты 75 граммнан басталады, іріктелген – 65-75 грамм, С1 – 55- 65 грамм, С2 – 45-55 грамм және С3 – 35-45 грамм. «Қазгер Құс» кәсіпорынының жоспарында өз санаттарын 5 грамм айырмашылықпен жасау және цифрлардың орнына атау беру.



БІЗДЕГІ ҚОЙМАЛАР ҮНЕМІ БОС ТҰРАДЫ

«Осы циклдағы ақырғы бақылау бекеті - қойма. Күн сайын алаңдарда жұмыс атқаратын менің технологтарым қоймадағы температураны тексеріп отырады – температура 5 градустан 20 градусқа дейін болуға тиісті. Бірқатар орындардағы температураны психрометрлер қадағалайды – көрсеткіштері журналға жазылып отырады, айдың соңында бұл журналды маған тапсырады.

Біз температураны барынша анық қадағалап отырамыз, өйткені машина келгенде – жұмыртқаның сырты буланбау үшін, ондағы температура дәл қоймадағыдай болуға тиіс. Қоймамыз үнемі бос тұрады – жұмыртқаларды лезде алып кетеді, өйткені жұрт біздің өніміміздің сапасын біледі, - дейді Елена.


Бас технологтың жұмыс күні компьютермен аяқталады – көп бетті кестелерге ол құс фабрикасының бүкіл көрсеткіштері бойынша қорытынды жасайды. Цифрларды куәландырады – бәрі жоспар бойынша, ал бұл дегеніміз, қазақстандықтарың үстелінде «Қазгер Құс» деген таңба қойылған жаңа шыққан  дәмді өнім үнемі тұратын болады деген мағынаны білдіреді.



Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру