Оразбаев Жанұзақ Жеңісұлы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
1972 жылғы 9 шілдеде туған
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Акцияларды иеленуі – иеленбейді
Қоса атқаратын жұмысы және қазіргі уақытта басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелігі - Жоқ
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі - Жоқ
Білімі:
Жоғары.
1997 ж., Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы «Инженер – құрылысшы».
2006 ж. Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті «Есеп және аудит бакалавры»
2021 ж. SBS Швейцария бизнес мектебі (Swiss Business School) «МВА - Іскерлік әкімшілік шебері».
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2001 жылы қаржы саласында бастаған. Әр жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзен-Елес» ЖШС, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің «Ақпараттық – есептеу орталығы» РМК жұмыс істеді.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымында 2020 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды.
Атқаратын функциялары:
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржы-экономикалық мәселелері, қарыз алысу, бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бөлігіндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.