Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Call-центр:
(қалалық және ұялы) - 24/7
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ESG жаңалықтары мен іс-шаралары

ESG жаңалықтары мен іс-шаралары

ҚазАгроҚаржы БҰҰ тұрақты дамуының барлық 17 мақсатының (бұдан әрі – ТДМ) маңыздылығын қолдайды және мойындайды және ТДМ-ға қол жеткізуге елеулі үлес қосуға ұмтылады.

Компания өз қызметі шеңберінде мынадай Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жүзеге асырады:     

ТДМ 1. Кедейлікті барлық нысандарда жаппай жою

  • қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыру
  • қайырымдылық және демеушілік көмек

ТДМ 2. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу

  • Компания Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсету арқылы АӨК-ні техникалық жарақтандыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады. Осылайша, АӨК-ні жоғары өнімді техникамен технологиялық жаңарту арқылы Компания азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді

ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету

  • саулық Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және Компания қызметкерлерінің денсаулығын сақтау
  • қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

ТДМ 5. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту

  • тең жұмыс жағдайлары мен мансаптық мүмкіндіктерді құру
  • қызмет пен сыйақыны бағалаудың тең жүйесін қамтамасыз ету

ТДМ 8. Тұрақты, толық қамтылған және тұрақты экономикалық өсуге, толық және Өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмысқа жәрдемдесу

  • ауыл шаруашылығындағы инвестициялардың өсуі
  • лизингтік қызмет көрсету жолымен АӨК-де бизнесті дамыту

ТДМ 12. Тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін қамтамасыз ету

  • энергия үнемдеу мәдениетін арттыру
  • ресурстарды тұтынуды азайту (энергия тұтыну, су тұтыну)
  • Компанияның бизнес-процестерін автоматтандыру арқылы қағаз құжат айналымын оңтайландыру

ТДМ 15. Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

  • ҚазАгроҚаржы қоры лизингке ескірген тозған техникамен салыстырғанда қоршаған ортаға теріс әсер ететін (пайдалану кезінде мұнай-химия қалдықтарының түсуі нәтижесінде атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының және топырақтың ластануының шамасы азаятын) жаңа заманауи а/ш техникасын ұсынады.

Компаниядағы орнықты дамуды басқару Компания қызметін басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Тұрақты даму облысындағы Компания:

  • орнықты даму облысындағы қызметті жоспарлау-ішкі және сыртқы ахуалды талдау, орнықты даму облысындағы мақсаттарды, сондай-ақ нысаналы көрсеткіштерді, орнықты дамудың үш құрамдас бөлігі бойынша қызметті жақсарту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды, жауапты тұлғаларды, қажетті ресурстар мен орындау мерзімдерін айқындау;
  • осы Саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
  • тұрақты даму облысындағы іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есеп дайындауды жүзеге асырады;
  • тұрақты даму жөніндегі бөлімді қоса отырып, Компанияның жылдық есебін дайындауды жүзеге асырады.

Компанияның Жылдық есебі Жыл сайын жылдық есептер конкурсына қатысады.

2022 жылдың маңызды оқиғаларының бірі «Жеңілдікті лизинг» жаңа қаржыландыру бағдарламасын енгізу болды. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Үкіметіне «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық а/ш техникасын сатып алу мақсатында жеңілдікпен кредит беру тетігін енгізуді тапсырды.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 388 бабтың 1 тармағының 15 тармақшасы бойынша) және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған салаларға әрі қарай жобаларды қаржыландыру үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым өндірушілерінің (импорттаушыларының) кеңейтілген міндеттемелерін оператордың қаржыландыру қағидаларымен іске асырылады.

Осы бағдарлама бойынша Лизингтік компания болып ҚазАгроҚаржы анықталды. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыру үшін отандық өндірістің мыңға жуық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге бөлінді. Техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін және сәйкестік сертификаттары бар техника лизингке беріледі.

Компанияның негізгі бизнес-процестеріне тұрақты даму қағидаттарын енгізу мақсатында 2024 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2024–2026 жылдарға арналған Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2024 жылы есепті кезеңге жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды.
Атап айтқанда, келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

Қағаз құжат айналымын оңтайландыру және іс жүргізудің жекелеген үдерістерін электрондық форматқа көшіру мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

  • бюджеттік өтінімдерді автоматтандыру;
  • қызметкерлердің өтініштерін цифрландыру, ЭЦҚ арқылы қол қою;
  • 1С ЭҚЖ-да жаңа құжат түрін енгізу – «Лауазымдық жалақыны белгілеуге өтініш» (Персоналды басқару департаменті);
  • 1С ЭҚЖ-да жаңа құжат түрін енгізу – «Лауазымдық жалақыны көтеруге ұсыныс»;
  • 1С ЭҚЖ ААЖ-ға «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгі қою бойынша техникалық тапсырма әзірлеу.
  • Қоғамның Орталық аппараты ғимаратында макулатура жинау пункті ұйымдастырылды, 2024 жылы 130 кг макулатура мамандандырылған кәсіпорындарға тапсырылды.
  • Қызметке қабылдау кезінде кандидаттарды іріктеу үдерісінің ашықтығы және тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, Қоғамдағы бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу ішкі және сыртқы конкурстар арқылы, тең бағалау критерийлерін қолдана отырып жүргізілді. 2024 жылы Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында 71 бос жұмыс орны жарияланды.
  • Қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 532 қызметкер тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 3 қызметкер тұрақты даму/ESG тақырыбы бойынша оқудан өтті. Оқытуға кәсіби тренерлер тартылып, оқу офлайн және онлайн форматта жүргізілді.
  • Қызметкерлерді медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 7 желтоқсанда «JUSAN GARANT» сақтандыру компаниясымен 2025–2026 жылдарға ерікті медициналық сақтандыру шарты жасалды.
  • Жеке және заңды тұлғалардың 11 өтініші бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді, атап айтқанда: «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалына, «Армандар орындалатын жер», «Сәби бақыты», «Жүрек Нұры» қоғамдық қорларына, сондай-ақ жеке тұлғалар Ф.С. Самигуллаевқа және Г.Е. Жолдасоваға. 2024 жылы көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы сомасы жоспарланған сомаға сәйкес 9 912,0 мың теңгені құрады.

ҚазАгроҚаржы компанияның бизнес – процестеріне ESG-бағдарланған практикаларды енгізуді және орнықты даму облысында оң тәжірибені қолдануды жалғастырады.

chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру