Қарызды реттеу шарттары мен тәртібі және төлем қабілетсіз қарыз алушыға қолданылатын шаралар
Қарызды реттеу шарттары мен тәртібі
Міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыз пайда болған жағдайда, қарыз алушы Қоғамға келуге және/немесе жазбаша түрде немесе келісімшартта көрсетілген тәсілмен өтініш беруге құқылы, онда келісімшарт бойынша міндеттемені орындау кешігудің себептері, кірістер және басқа да расталған жағдайлар (фактілер) көрсетіледі, олар келісімшарт шарттарын өзгерту туралы өтініштің негізін құрайды, оның ішінде:
- негізгі қарыз бойынша төлемді және/немесе сыйақыны кейінге қалдыру;
- өтеу кестесін өзгерту (ұзарту);
- айыппұлдарды (штраф, өсім), комиссиялар және басқа төлемдерді кешіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімшарт шарттарына қайшы келмейтін басқа әдістер.
Қоғам тарапынан келісімшарт шарттарына өзгерістерді қарау
Қоғам ішкі нормативтік құжаттармен және қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес, ұсынылған келісімшарт шарттарын өзгерістерді қарастырады және жазбаша түрде немесе келісімшартта көзделген тәсілмен қарыз алушыға хабарлайды:
- ұсынылған келісімшарт шарттарына келісімі;
- келісімшарт шарттарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары (қажет болған жағдайда Қоғам қайта құрылымдау туралы шешім қабылдау үшін тиісті құжаттар тізімін сұрата алады);
- келісімшарт шарттарын өзгертуге бас тартуы және мұндай бас тартудың себептері бойынша негізді түсініктеме беру.
Қарыз алушының талаптарды орындамауы жағдайында кредитор қабылдайтын шаралар
Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларына және келісімшарт шарттарына сәйкес, қарыз алушының міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, Қоғам:
- Қарыз алушының кез келген банк шоттарынан қарызды өтеу үшін қаражатты біржақты және даусыз алу;
- берілген кепілдіктерге өндіріп алу;
- Келісімшартты орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлау және Қарыз сомасын, сыйақыны, айыппұлдарды (штрафтарды) және шығындарды қайтаруды талап ету;
- Лизингтік затты қайтарып алу;
- шектеу шараларын қолдану – Лизингтік затты пломбалау және/немесе уақытша алу немесе оны фактілі пайдалануын шектеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе келісімшарт шарттарында көзделген кез келген шараларды қолдану, оның ішінде келісімшартты орындау шарттарын өзгерту, қарыз сомасын өндіріп алу үшін сотқа жүгіну, сондай-ақ кепілге алынған мүлікті соттан тыс (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібімен өндіріп алу.