Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Суретті репортаждар

Зоотехниктің өмірінен бір күн

Халық сапалы ет алып отыруы үшін зоотехниктер қандай жұмыстарды атқаратынын ауыл шаруашылығынан алыс және мал шаруашылығы жөнінде түсінігі аз  адамдарға көзге елестету қиын. Бүгін біз осы мамандық өкілімен бір жұмыс күнін өткізбекпіз және бұл жұмыстың егжей-тегжейін  өз көзімізбен көріп білмекпіз.

Зоотехник — бұл бүкіл ұжымның жұмысын ұйымдастыратын, бақылайтын, бағыттайтын және жұмыс  тапсыратын адам, яғни ол негіз қалаушы міндеттермен айналысады.


«Жәке» ШҚ басшысы және оның бас зоотехнигі  Айдын Албақай былай дейді: «бұл салада жер мен малды жақсы көру керек, әйтпесе бұл кәсіпті игеру ешкімнің қолынан келмейді.

«Мен өзім ауылданмын, Қарағанды облысында  Жаңаарқада туғанмын. Шопандар әулетінен шыққанмын, атам осы салада Еңбек Қызыл Туының иегері болған. Бала кезіңнен табиғат пен жануарлардың жанында  қатарласа өссең, еріксізден-еріксіз оны жақсы көріп кетерсің. Менің ойымша, жерде, табиғатта еңбек ете білу қабілеті – қазақтардың қанына сіңген».


«Жәке» ШҚ мал бордақылау алаңы 10 мың бас ірі қара малға арналған, қазір мұнда бүкіл Қазақстаннан әкелінген 2 мың мал тұр. Мал басы өсіп жатыр.


Ертесімен Айдын алдымен жаңа малдың келу мәселесімен айналысады. Іріктеліп алынған малдарды мал дәрігерлері  әбден қарап тексереді де, бастапқыда оларды бөлек орналастырады.


Содан соң барлық малдардың құлақтарына бирка ілінеді. Бұл процесс  ен салу деп аталады, яғни малға сандық белгі – жеке нөмір беріледі.

Ен арнайы қысқыштармен жасалады. Ен салу үшін  қан тамырлары аздау жерлерлер таңдалып алынады. Құлақты алдын ала тазалайды, жуады және зарарсыздандырады, -дейді Айдын.


Ен салынғаннан кейін, ІҚМ вакциналау  мәселесі тұрады. Мал дәрігерлік бекетінде малдарды міндетті түрде сальмонеллезға, ринотрахеитқа, вирусты диареяға, қараталаққа және басқа да кеңінен таралған әрі тез жұғатын ауруларға қарсы егеді.

Айдынның айтуынша, егер мал бір ауыр дертпен ауыратын болса, одан мүмкіндігінше тезірек құтылады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, малдарды үнемі қарап тексеріп отырады.


Малды жаппай мал дәрігерлік және зоотехникалық амалдарға арналған арнайы жабдыққа айдайды. Техника малды бекітеді, ал мал дәрігері оған асықпай екпе жасай алады.


Зоотехник екпелер белгілі бір мерзімділікпен жасалады дейді. Вакциналау туралы барлық ақпарат мал дәрігерлік паспортқа жазылады.


Одан кейін, Айдын малды тамақтандыру мәселесін шешеді. ШҚ аумағында астық қоймасының ғимараты орналасқан, сонда бүкіл мал азығы сақталады.

ІҚМ жемі негізінен жемшөптік дәнді дақылдардан – бидайдан, сұлыдан, арпадан тұрады. Олар қосымша энергия көздері қызметін атқарады.

«Қазір біздің ШҚ-да меншікті өзінің айдалатын жері жоқ, сондықтан малға жемді көптеген аймақтардан сатып аламыз. Жемнің өзіне жылына 7 млрд. теңге кетеді. Болашақта өзімізді өзіміз асырағымыз келеді. Осылайша біз жемшөп базасының сапасы үшін де, оның сақталуы үшін де қам жемейтін боламыз», - дейді Айдын.


Жем жақсы сіңу үшін, дәнді дақылдар ұнтақтағышта ұсақталады, содан кейін жемтаратқышқа жүктеледі.


Шөп те ІҚМ тамақтандыру рационында айтарлықтай орын алады. Қысқы мерзімде ол қант пен ақуыздың басты көздерінің бірі болып табылады. Мал бордақылауда кемінде 100 күн тұруға тиіс.


Одан әрі біз қашаларға – төбесі жаппамен жабылған малды серуендету ауласына бардық. Бұл жерде мал еркін қозғалады.


Түскі ас уақыты да жақындап қалды. Жұмысшылардың бәрі де Малшылар үйіне бара жатыр. Ғимаратта мамандар тұратын бөлмелер бар, кейбіреуі тіпті жануяларымен де тұрады, сондай-ақ асхана, жуынатын бөлме т.б. бар.


Мұнда ШҚ есебінен жұмысшыларды күніне  үш рет тамақтандырады.


Күн тәртібінде ІҚМ өсіру мәселесі де тұр. Айдынның айтуынша, ол ет бағытындағы асыл тұқымды ІҚМ репродукторын құрғысы келеді.

«Қазір біз өнімділікті арттыру және аналық мал басын, яғни ұрпақ өрбіту табынын құру тәсілдерін әзірлеумен айналысудамыз».


Тұтас ШҚ қай бағытта қозғалатыны, сондай-ақ оны болашақта қандай көлемдер мен айналымдар күтіп тұрғаны бас зоотехниктің шешіміне байланысты болады.

«Біздің аймақты ғана емес, бүкіл елді етпен қамтамасыз ету үшін, біз Қазақстандағы ең ірі мал бордақылау алаңына айналуды жоспарлап отырмыз. Біздің ет өнімдері экспортына байланысты перспективаларымыз да әжептәуір. Мемлекеттың біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткенін қалар едік, өйткені халқымыз етсіз өмір сүре алмайды, ал біз болсақ, сапалы жақсы ет беруге әзірміз».



Артқа

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру