(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында заңды тұлғаны құруы туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2 тармағының 15) тармақшасына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жарғысының 86 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Директорлар кеңесі ШЕШТІ:

1. «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС жарғылық капиталында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүз пайыздық қатысу үлесі бар «Активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Активтерді басқару жөніндегі компания») құрылсын.

2. «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС заңды мекен-жайы анықталсын: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51, кқ-4.

3. «Активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге көлемінде жарғылық капиталы құрылсын.

4. «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС негізгі қызмет түрі – күйзелісті активтерді басқару (проблемалық жобаларды сауықтыру) деп анықталсын.

5. «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС құруға монополияға қарсы органның келісімін алуға байланысты іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін, Директорлар кеңесінің бөлек шешімімен «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС Жарғысы бекітілсін.

6. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Бишенов Бауыржан Қайыргелдіұлы «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС құруға монополияға қарсы органның келісімін алуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге байланысты қажетті іс-қимылдарды жүргізуге уәкілеттелсін.

7. Директорлар кеңесінің осы шешімі «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС құруға монополияға қарсы органның келісімі алынған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі, Бишенов Бауыржан Қайыргелдіұлына «Активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС құруға монополияға қарсы органның келісімін алуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға өкілеттік беру бөлігіндегі шешімді қоспағанда, аталмыш шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындаған шараларды қолдансын.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру