Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
Шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі
Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2019 жылғы 31 мамырдан
Акционерлерінің (қатысушылардың) жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Бигелдинов даңғ. 12.
Акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: 4. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 2018 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
5. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу немесе төлемеу туралы және бір жай акцияға есептегендегі жыл ішіндегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
Акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен: Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 5-тармағына, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына және «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Жарғысының 16-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:
1. Қоса тіркеліп отырған «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 2018 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін.
2. Оы шешім «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 5-тармағына, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Жарғысының 16-тармағы 11) тармақшасына сәйкес, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының қызметін жоспарлау және бағалау комитетінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 шешімі негізінде, Басқарма ШЕШТІ:
1. 2018 жылғы атқарылған қызметтің қорытындысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 6 728 372 191,8 (алты миллиард жеті жүз жиырма сегіз миллион үш жүз жетпіс екі мың жүз тоқсан бір теңге сегіз тиын) теңге құраған таза табысын бөлудің келесідей тәртібі бекітілсін:
6 728 372 191,8 (алты миллиард жеті жүз жиырма сегіз миллион үш жүз жетпіс екі мың жүз тоқсан бір теңге сегіз тиын) теңге сомасындағы 100 (жүз) пайызы дивидендтерді төлеуге жіберілсін.
2. 82 837 204 (сексен екі миллион сегіз жүз отыз жеті мың екі жүз төрт) дана жай акцияларға дивидентердің бекітілген соммасына сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының бір жай акциясына есептегендегі 81,22 (сексен бір теңге жиырма екі тиын) теңгені құрайтын сомада дивиденд мөлшері бекітілсін.
3. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51, кқ-4; банк және басқа да деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Нұр-Сұлтан қ., ЖСК KZ596017111000000766, БСК HSBKKZKX, СТН 620300007107; 2004 жылғы 3 ақпандағы № 28177-1901-АҚ мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік; БСН 991240000043) осы шешім қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешікпейтін мерзімде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 6 728 372 191,8 (алты миллиард жеті жүз жиырма сегіз миллион үш жүз жетпіс екі мың жүз тоқсан бір теңге сегіз тиын) теңге құрайтын таза табысынан 100 (жүз) пайыз мөлшерінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының («Қазақстан Халық банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ306010111000329595) шотына ақшасыз есеп айырысу жолымен 2018 жылға дивиденд төленсін.
4.»ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Избастин К.Т. осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.
5. Осы шешім «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:
ҚОЛДАҒАНДАР – 5 дауыс (Карашукеев Е.Ш., Дарибаев М.А., Джувашев А.Б., Жумашов Д.Б., Тасжуреков Е.К.).
ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.
ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:
ҚОЛДАҒАНДАР – 5 дауыс (Карашукеев Е.Ш., Дарибаев М.А., Джувашев А.Б., Жумашов Д.Б., Тасжуреков Е.К.).
ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.
ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.
Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ