Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат
Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы: "ҚазАгроҚаржы" АҚ Жалғыз акционері
Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күн: 2017 жылғы 20 қазанда
Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін жер: отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы орналасқан жерде – Астана қ., Республика даңғылы, 24 мекенжайында өтті
Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: «ҚазАгроқаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
Дауыс беру қорытындысын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер: Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша қабылданған шешім: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153-тармағы 7) тармақшасына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жарғысының 16-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:
1. Омаров Алпамыс Әміржанұлы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – акционерінің өкілі болып сайлансын.
2. А.Ә. Омаровтың «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік ету мерзімі, тұтас алғанда, осы шешім қабылданған күннен бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен – «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 37 шешімімен белгіленген Директорлар кеңесінің өкілеттік ету мерзімі аяқталған күнге дейін саналсын.
3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі деп саналсын.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:
ҚОЛДАҒАНДАР – 3 дауыс (Малелов Н.Т., Атамқұлова Г.Т., Ерғалиева Б.Б.).
ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.
ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.
Дауыс беру қорытындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.
Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа да мәліметтер: Жоқ.