Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат
1. Директорлар кеңесін өткізу күні: 21.06.2017 жыл.
2. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2016 жылғы Жылдық есебін бекіту туралы.
3. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен : «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жарғысының 16-тармағы 18) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:
1. Қоса тіркеліп отырған «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2016 жылғы Жылдық есебі бекітілсін.
2. «»ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.
3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімім «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы: ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс. ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР – жоқ. ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) – жоқ.
Дауыс беру қорытындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.