Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес ақпарат акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесі қабылданған
1. Директорлар кеңесін өткізу күні: 12.04.2017 жыл.
2. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің (мәселелердің) мазмұны, ол туралы ақпарат акционерлердің және инвесторларға акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жіберіледі:
1. 2016 жылғы 30 маусымдағы № 7 "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен анықталған "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының шарттарына өзгертулер енгізу туралы.
2. "ҚазАгроҚаржы" АҚ міндеттемелерін "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымы арқылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ меншікті капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту туралы
3. Директорлар кеңесінің осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша қабылдаған шешімі (шешімдері):
1.1. Осы шешімге қоса тіркелген өзгертулер 2016 жылғы 30 маусымдағы № 7 "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен анықталған "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының шарттарына енгізілсін.
2. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының шарттарына өзгертулер енгізу туралы күн тәртібінің мәселесі бойынша 2016 жылғы 26 қазандағы № 11 шешімі күшін жойған деп танылсын.
2.1. "ҚазАгроҚаржы" АҚ міндеттемелері 12 000 000 000 (он екі миллиард теңге) сомаға "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымы арқылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ меншікті капитал мөлшерінің он пайызынан артығын құрайтын шамаға ұлғайтылсын.
2. "ҚазАгроҚаржы" АҚ міндеттемелерін "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымы арқылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ меншікті капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту туралы күн тәртібінің мәселесі бойынша 2016 жылғы 30 маусымдағы № 7 шешімі күшін жойған деп танылсын.