Сұрақ:
2016 жылдан бастап мемлекеттік субсидиялаумен асыл тұқымды ірі қара өсірумен айналысып, бүгінде мемлекеттен алған несиемді толық жаптым. арқамды енді кеңге сала бергенде қысқа деп жинаған бүкіл шөп, жоңышқам қыстауымдағы бүкаіл қорасымен бірге өртеніп, күлге айналды. 2025 жыл 3 қараша күні өрт болды. 2000 дай пресс шөп, 500 жоңышқа түгел өртеніп кеткен. Енді сіздерден өтініп сұрарым, сіз тараптан қандай бір көмекке үміттене алам ба? Қыс келіп қалғанда шөп табу қиындау боп тұр. сіздер жақтан материалдық көмек болса.
Жауабы бар:
«ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам), Сіздің қолдау мақсатында материалдық көмек көрсету туралы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Жеке және заңды тұлғалардың демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарау Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес және Қоғам бюджетінде тиісті жылы осы мақсаттарға жоспарланған қаражат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Қоғамның 2025 жылға арналған бюджеті толық игерілген.
Осы себепті қазіргі уақытта қолдау көрсету мүмкін емес.