Компания өнімдері
Агролизинг
Лизинг нысаны
Ауыл шаруашылығы техникасы (қосылатын, тіркемелі, өздігінен жүретін);
Мелиоративтік және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника;
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін, олардың өңделген өнімдерін және биологиялық активтерді тасымалдауға арналған көліктер (оның ішінде тартқыштар мен тіркемелер);
Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ұшпайтын авиациялық жүйелер;
Мобильді суғару жүйелері;
Дән кептіргіштер.
Мерзімі және аванс
| Мерзімі | Лизинг нысаны | Аванс* |
|---|---|---|
| 3 жыл | Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ұшпайтын авиациялық жүйелер | Кемінде 40%* |
| 5 жылға дейін | Бір бірліктің құны 25 000 000 теңгеден аспайтын қосылатын және тіркемелі техника | Кемінде 20% |
| 7 жылға дейін | Мелиоративтік және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника; мобильді суғару жүйелері; дән кептіргіштер | Кемінде 15% |
| 10 жылға дейін | Ауыл шаруашылығы өнімдерін, өңделген өнімдерді және биологиялық активтерді тасымалдауға арналған көліктер; бір бірліктің құны 25 000 000 теңгеден жоғары қосылатын және тіркемелі техника; бір бірліктің немесе бірнеше бірліктің жиынтық құны 25 000 000 теңгеден төмен өздігінен жүретін техника (қосылатын/тіркемелі техникамен бірге пайдаланылған жағдайда) | - |
| 10 жылға дейін | Бір бірліктің немесе бірнеше бірліктің жиынтық құны 25 000 000 теңгеден жоғары өздігінен жүретін техника (қосылатын/тіркемелі техникамен бірге пайдаланылған жағдайда) | - |
Дән кептіргіштерге арналған арнайы қаржыландыру шарттары:
Лизинг нысаны: тұрақты орнатуды қажет етпейтін мобильді немесе стационарлық дән кептіргіштер;
Лизинг алушы дән кептіргішті жыл сайын сақтандыруға міндетті.
Лизинг нысанын сақтандыру:
Бір бірліктің құны 60 000 000 теңгеден асатын лизинг нысандарына жыл сайын сақтандыру қажет, дән кептіргіштерді қоспағанда, оларды лизинг алушы жыл сайын сақтандыруға міндетті, лизинг нысанының құны/қарыз қалдығына қарамастан.
*Аванс – инвестициялық субсидия есебінен.
Тізімге оралу
Кеңес ал!