Бәрін шешетін екі апта: неге мал азығын дайындау маусымында техниканың жай-күйі бүкіл жылға әсер етеді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ескірген техника паркі жаздың шешуші апталарын қалай тәуекел аймағына айналдыратыны және қаржыландыру бағдарламаларының қазақстандық шаруашылықтарға мұның алдын алуға қалай көмектесетіні туралы баяндайды.

Мал шаруашылығында кейінге қалдыруға болмайтын шаруалар бар. Соның бірі – мал азығын дайындау. Жаздың екі-үш айының ішінде нақты жұмыс істеуге болатын уақыт – шамамен екі-үш апта ғана: шөп қоректік затқа ең бай кезі, ауа райы қолайлы, мерзімі өтпеген кез. Осы уақытта не дайындап үлгерсеңіз, малды қыс бойы сонымен бағасыз.

Осы күндері істен шыққан техника жай ғана қолайсыздық тудырмайды, ол бүкіл жылдың нәтижесін өзгертеді.

Техника істен шыққанда не болады?

Тозығы жеткен техниканы пайдаланатын шаруашылықтар дәл осы шешуші кезеңді жоғалтып алу қаупіне тап болады. Маусымның қызған шағындағы жөндеу жұмыстары – бұл босқа кеткен уақыт, сол уақыт ішінде мал азықтық дақылдар пісіп-жетіліп, өз сапасын жоғалтады. Сонымен қатар, қосымша шығындарсыз да болмайды: қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуге кететін шығын, жанар-жағармайдың көп жұмсалуы, бос тұрып қалу, қосымша жұмыс күшін тарту қажеттілігі және мал азығы сапасының төмендеуі.

Кешіктіріп дайындалған жем-шөпте қоректік заттар аз болады. Қыста мұндай азықпен қоректенген малдың өнімділігі төмендейді. Шілдедегі сынған пышақтан басталып, ақпандағы сүт өнімділігіне дейін созылатын тізбек осылай қалыптасады.

Нәтижесінде, ескірген техниканы пайдаланудың жиынтық шығындары көбінесе жаңа техниканы қаржыландыру құнынан асып түседі. Жаңа техникаға көшу фермерге жөндеу және отын шығындарын қысқартуға мүмкіндік беріп, мал азығын дайындаудың бүкіл процесін оңтайландырады.

Заманауи техника: мүлдем басқа математика

Заманауи техниканы сатып алу қомақты инвестицияны қажет етеді, әр шаруашылық бірден ірі қаражат бөле алмайды. Дәл осы себепті «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынатын қаржыландыру құралдарын қарастырған жөн.

Шаруашылықтар жаңа техникаға көшудің экономикалық тиімділігін бірінші маусымның өзінде-ақ – пайдалану шығындарын азайту және өнімділікті арттыру есебінен сезіне бастайды.

ҚАҚ: техника – қазір, төлем – біртіндеп

«ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламаларының сұранысқа ие екенін қазіргі таңда 311 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдердің қарастырылып жатқанынан-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, жасалған қаржылық лизинг шарттары бойынша фермерлер 250,6 млрд теңгеге 7,7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын алды.

Айта кетейік, жаңа техниканы пайдаланудың экономикалық тиімділігін пайдалану шығындарын қысқарту және өнімділікті арттыру арқылы бірінші маусымның өзінде-ақ байқауға болады.

Қаржыландыру бағдарламаларына қатысу үшін өтінімді келесі жолдармен беруге болады:

  1. Telegram-бот арқылы кезекке тұру: https://t.me/kaz_agro_finance_bot
  2. Қоғамның ресми сайтында онлайн өтінім беру: www.kaf.kz/
  3. Немесе «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның өңірлік филиалдарына хабарласу арқылы.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру