LINDSAY суару жүйелері қазақстандық фермерлер үшін бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ ирригация саласындағы әлемдік көшбасшы — Lindsay Corporation, сондай-ақ AGROMASH және Eurasia Group AG компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жоба аясында LINDSAY жаңбырлатқыш машиналарын Қазақстанда, AGROMASH зауытының базасында құрастыру жоспарланып отыр. Алғашқы машинокомплектілер жеткізіліп, жоба іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне өтті.
Бұл аграршыларға қандай мүмкіндік береді?
- Әлемдік деңгейдегі заманауи су үнемдеу технологияларына қол жеткізуге;
- «ҚазАгроҚаржы» арқылы жылдық мөлшерлемесі 12,6%-дан басталатын жеңілдікті лизинг рәсімдеуге;
- Өндірісті жергіліктендіру есебінен жабдық құнын төмендетуге;
- Егін өнімділігі мен шаруашылық тиімділігін арттыруға;
- Су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Заманауи суару жүйелерін дамыту — еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттырудың және отандық аграршылардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды факторы.
«ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізуді қолдап, фермерлерге өз шаруашылықтарын тиімді әрі қолжетімді шарттармен жаңғыртуға көмектесуді жалғастыруда.