«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласындағы филиалында ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің қатысуымен 22.05.2026 ж. Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға өңір аграршылары, шаруа қожалықтарының басшылары мен серіктес ұйым өкілдері қатысып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мемлекеттік қолдау жөнінде пікір алмасты. Ашық есік күні аясында ауыл шаруашылығы техникаларының кілттерін табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Заманауи тракторлар мен техникалар егіс және дала жұмыстарын тиімді жүргізуге бағытталмақ. Іс-шараға «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жұмжаев Е.Е. қатысып, аграрлық саланы қолдау мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, өңірлердің дамуына және агросектордың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыра береді.