16 мамыр күні Павлодар қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжехановтың өңір аграршыларымен кездесуі өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңір тұрғындары, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Ерланұлы Жұмжаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Байсал Аманоллаұлы Алпысбай қатысты.
Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары, қаржыландыру мәселелері, ауыл шаруашылығын дамыту және аграршылармен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін мұндай кездесулер сала өкілдерінің пікірін тікелей тыңдап, өзекті мәселелерді талқылап, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.