«ҚазАгроҚаржы» АҚ ребрендинг өткізді

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Холдингтің инвестициялық холдингке трансформациялануы мен бірыңғай бренд-архитектура енгізу шеңберінде ребрендинг өткені туралы хабарлайды.

Сыртқы айдентиканы жаңарту Холдингтің бекітілген бренд-архитектурасына сәйкес іске асырылады және «Бәйтерек» компаниялар тобының бірыңғай, біртұтас қабылдануын қалыптастыруға, брендтің танылуын арттыруға, сондай-ақ бизнес, инвесторлар мен серіктестер үшін қаржы және инвестициялық құралдар бойынша навигацияны жеңілдетуге бағытталған.

Ребрендинг еншілес және тәуелді ұйымдар өздерінің заңды, операциялық және функционалдық дербестігін сақтай отырып, «Бәйтерек» бірыңғай корпоративтік брендін пайдаланатын ортақ бренд (Branded House) моделі бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеге сай және компаниялар тобының репутациялық капиталын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай сыртқы стиль Холдинг пен оның даму институттарының инвестициялық жобаларды қолдауға және экономиканың басым салаларын дамытуға бағытталған қызметінің ортақ қағидаттарын көрсетеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін жаңартылған бренд компанияның елдегі агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен техникалық жаңартудағы сабақтастығын, сенімділігін және стратегиялық рөлін айқындайды.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру