(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» «Өз азығы» атты бағдарлама бойынша алдын ала төлем жасау мерзімін 2024 жылдың 10 қарашасына дейін кейінге қалдырды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Өз азығы» атты бағдарлама аясында шаруа иелеріне жеңілдік қарастырды. Атап айтқанда, енді бағдарлама бойынша жасалынатын алдын ала төлем мерзімі 2024 жылдың 10 қарашасына дейін ұзартылды. Шара мақсаты - фермерлерге жем-шөп дайындау жұмыстарын уақытылы атқаруға мүмкіндік беру.

Қаржыландыру мал шаруашылығындағы жем-шөп азығын қанаттандыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы мал өнімі мен оның көлемін арттыруға бағытталған.

Аталған жұмыстар келесідей шарттар аясында жүзеге асырылады:

  • лизинг нысаны: жем-шөп дайындайтын техника және жылжымалы суару жүйелері;
  • сыйақы мөлшері – жылдық 6%;
  • лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  • алдын ала төлем - 15%-дан бастап (алдын ала төлем жасау 2024 жылдың 10 қарашасына дейін кейінге қалдырылды);
  • камтамасыз ету – қажет етілмейді
  • қаржыландыру шегі – лизинг нысанының 9 бірлігінен артық емес.

Еске сала кетсек, өтініштер компанияның Telegram-бот арқылы қабылданады,  https://t.me/kaz_agro_finance_bot  сілтемесі арқылы  қолжетімді.

Telegram-бот арқылы өтініш берілген күннен бастап, 5 жұмыс күні арасында клиент «ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық қажетті құжаттарды өткізуі тиіс.

Жеңілдік бағдарламасы бойынша толық ақпарат www.kaf.kz сайтында немесе өзіңіз тұратын өңірдегі филиалға жүгінсеңіз болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру