24.01.2012 «ҚазАгроҚаржы» АҚ мелиоративтік техниканы қаржыландыра бастады
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа қаржыландыру бағытын бекітіп, жекелеп алған аймақ шаруаларының тілектерін қолдады. Енді Қызылорда облысының күріш өсірушілерінің «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржы лизингісінің арқасында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге арналған екі мақсатты техника сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Агросекторға инвестиция құйды (Айқын)
Өткен жылы бірқатар өндіріс нысандары іске қосылды. Әсіресе, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша жұмысын бастаған 36 өндірістік нысанның жөні бөлек.
Шаруалар «Беларусь» мінді
Кәсібін ауыл шаруашылығымен байланыстырған шаруагерлер үшін жаңа техниканың жөні бөлек. Мал азығын дайындау, оны қыстақ басына тасуға ескі техника жарамайтынын білетін шаруагерлер лизингтік жүйенің тиімділігіне көз жеткізді. Осы жүйемен техникаларын жаңалаған жеті шаруагер таяуда «Беларусь» тракторына мінді. Олардың осындай жаңа техника алуына «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау филиалы қолдау көрсетті.
«ҚазАгроҚаржы» қолдаған жобалар (Егемен Қазақстан)
Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндігі мол. Алайда, қазір қай шаруа¬ның да жүзеге асуы қаржыға тірелетіні белгілі. Әсіресе, ауыл шаруашылығында несие алу кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. Осындай өзекті мәселені шешуде «ҚазАгро¬Қаржы» акционерлік қоғамының алатын орны бөлек. Бұл компания біздің өңірде де бірқатар тиімділігі жоғары жобаларды жү¬зеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі де бірегейі – «АЙС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлы-сүт фер¬ма¬сы.
Германиядан 856 бас ірі қара жеткізілді
KazBIN.27.12.2011.Астана. – Германиядан Ақтөбе облысына 856 бас ірі қара жеткізілді. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Сүтт ірі қаралар облыстың Мәртөк ауданында орналасқан «Айс» ЖШС фермасының қарамағына берілді.
Қостанай облысында ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Қостанай облысында ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
29.11.2011 Шетелдік өнім шекемізді қыздырмайды («Ел» газеті)
Жыл сайын күзде картоп пен көкөністі қысқы кезеңде сақтау мәселесі бас көтереді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін жүйелі істер жеткіліксіз болды. Қыркүйек-қазан айларында «картоп пен көкөністі пәленбай мың тонна жинап алдық» деп жалпақ елге жар салғанымызбен, келер жылдың көкте-мінде жергілікті өнімдерден жұрдай болып қалатынбыз. Сол кезде тұрғындар көкөністі сырттан сатып алуға мәжбүр болады.
22.11.2011 Қарағандыда ҚР президентінің қатысуымен ауылшаруашлықы ұшақтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Қарағанды. 22-қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда ҚР президентінің қатысуымен ауылшаруашлықы ұшақтарын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
16.11.2011 «ҚазАгроҚаржы» шетелден 10 мыңға жуық ірі-қара мал сатып алмақшы
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» ірі-қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы республиканың шаруашылықтарына шамамен 7 000 бас ірі қара мал әкелуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.
«ҚазАгроҚаржы» көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша 16 жобаны бекітті
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «ҚазАгроҚаржы» көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша 16 жобаны бекітті. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат беру барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Жұбашев мәлім етті.
Бет: 1 2 3 Келесi Барлығы








