(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
КАФ Қазақстанда лизинг мүмкіндіктерін кеңейтті

Жаңалықтар

ҚазАгроҚаржы АҚ Қазақстандағы лизингтік мүмкіндіктерді кеңейтті

«ҚазАгроҚаржы» АҚ адал ниетті клиенттері ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей сатып алу мүмкіндігіне ие болмақшы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Сенімді фермер» атты жаңа бағдарламаны іске қосып отыр. Бұл бағдарламаның шеңберінде, Қоғамның клиенттері адал ниетті қарыз алушының критерийлеріне сай келуге тиісті. Осы критерийлерге сәйкес, Қоғамда клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік тарихы болуға, қарыз мерзімін ұзартуы, қайта құрылымдануы және Қоғамнан алынған қаражаттарды мақсатқа сай пайдаланбау фактілері болмауға тиісті.

Ауыл шаруашылығы техникасын «Сенімді фермер» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолданыстағы клиенттері де, бұрын қаржыландырылған клиенттері да ала алады. Сөйтіп, Қоғам Компанияның адал ниетті клиенттерінің жүктемесін жеңілдетіп, оларды ынталандыруға тырысады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жемшөп тапшылығы мәселесі өткір болып отыр. Осыған байланысты, отандық жемшөп өндірісін қолдау және дамыту мақсатында, Қоғам «Өз жемшөбіміз» бағдарламасын іске асыруда. Оның барысында аталмыш бағытты қаржыландыру жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен сатып ала алады, бұл ретте аванстық төлемнің мөлшері қысқартылған және 10 % құрайды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ стандартты лизинг бойынша қолданыстағы талаптарға бірқатар өзгерістер енгізді. Енді жеткізуші барлық талаптарды сақтаған жағдайда, қазақстандық фермерлер «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша Қытай Халық Республикасы өндірісінің ауыл шаруашылығы техникасын 5 жылға дейінгі мерзіммен, кемінде 25% аванстық төлеммен сатып ала алады.

Қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгертулердің шеңберінде, лизингке құны 25 млн теңгеге дейін баратын аспалы және тіркемелі техника алуға аванстық төлемнің мөлшері 25 %-дан 20% дейін қысқартылды.

Жаңа бағдарламалардың енгізілуі, Қоғамның азық-түлік желісінің кеңейтілуі, аванстық төлемнің төмендетілуі және қаржыландыру мерзімдерінің ұлғайтылуы отандық фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникасына және арнаулы техникаға деген қолжетімділікті арттыратын болады, бұл, өз кезегінде, еліміздің АӨК дамуына және машина-трактор паркін жаңартуға жағымды әсер ететін болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру