(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Инвесторларға

Investor

«КазАгроФинанс» АҚ – бұл Қазақстанның АӨК дамытуға қолдау жасау мақсатында 20 жыл бойы қызметін жүзеге асырып келе жатқан лизингтік компания. Бүгінгі таңда Қоғам үлесті алып отырған лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы болып табылады (РА сарапшысы бойынша). Қоғамның несие қоржынында 7 мыңнан астам клиент бар.

2000-2019 жылдар кезеңінде" ҚазАгроҚаржы " АҚ АӨК-ні дамытуға және қолдауға 798,1 млрд. теңге бағытталды. Біз барлығы 48,9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды қаржыландырдық. Сонымен бірге, Қоғамның кең өңірлік желісі және бүкіл Қазақстан бойынша 15 филиалы бар

«КазАгроФинанс» АҚ жетекші әлемдік компания - Ernst&Young аудитінен өтуде, сондай-ақ беделді агенттіктердің халықаралық рейтингтеріне ие. Оң қаржылық нәтижелері мен позитивтік имиджі ҚазАгроҚаржыға FitchRatings сияқты беделді агенттіктің жоғары халықаралық рейтингін алуға мүмкіндік береді.

2023 жылғы 25-қыркүйекте «Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі "ҚазАгроҚаржы" АҚ ұзақ мерзімді шетелдік және ұлттық валютадағы рейтингтерін (ЭДР) "ВВВ-" деңгейінде растады. Рейтингтер болжамы "Тұрақты".

Қазақстанның бүгінгі қоғамдық-саяси тұрақтылығы елдегі қолайлы инвестициялық ахуалдың негізіне айналды.

Мынадай жағдайлар жасалған:

  • жабдық, құрамдас бөлшектер, шикізат пен қосалқы бөлшектер әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босату (Ресейде аталмыш тауарларға арналған кеден мөлшерлемелері кедендік құнның 5%-нан  15% дейінгісін құрайды);
  • мемлекеттік заттай гранттар: жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеуіш және реттеуші аспаптар мен қондырғылар, көлік құралдары;
  • инвестициялық стратегиялық жобалар үшін 7 жылға дейін салық жеңілдіктері (жер салығы 0%, мүлік салығы 0%);
  • industrial privileges for investment strategic projects in the regions with low level of social and economic development.  

Аталмыш инвестициялық артықшылықтар, жылыжайлар құрылысын қоспағанда, ауыл шаруашылығының тек басым қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру кезінде ғана беріледі.

Оның үстіне, қол қойылған үш елдің – Қазақстан, Ресей мен Беларусияның Еуразиялық Экономикалық Одағын құру туралы шарт одақтың қатысушы елдерінің аумағында бажсыз сауданы қамтамасыз етеді, осылайша нарық шекарасын едәуір кеңейтеді.  Сонымен қатар, қазір біз еліміздің барлық аймақтарында орналасқан еркін экономикалық аймақтардың аумағында өндірістер құру мүмкіндігіне иеміз. ЕЭА маңызды ерекшеліктері жеңілдікпен салық салу, сондай-ақ бүкіл қажетті инфрақұрылыммен мемлекеттік қамтамасыз ету мүмкіндіктері болып табылады (жер телімдерін беру, коммуникациялар жүргізу және т.б.).

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өткен жылғы 8 млрд. теңге мөлшерінде 5-жылдық теңгелік облигацияларды шығару және орналастыру бойынша мәмілесін EMEA Finance «Еуропада, Таяу және Орта Шығыста әрі Африкада Облигациялардың Ұлттық Валютадағы Үздік Шығарылымы» санатында жеңімпаз деп таныған (“Best local currency bond in EMEA”).

Рейтингтер

Соңғы өзгеріс енгізілген күн

2023 жылғы 25-қыркүйекте

  • Рейтингтік агенттік
  • Fitch Ratings
  • Деңгейі
  • "BBВ-", болжамы "Тұрақты"
  • Ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингі
  • Расталды
  • BBВ-
  • Қысқа мерзімді эмитенттің дефолт рейтингі
  • Расталды
  • F3
  • Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг
  • Расталды
  • AA+(kaz)
  • Ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі
  • Расталды
  • BBВ-
  • Ұлттық валютадағы эмитенттің қысқа мерзімді дефолт рейтингі
  • Расталды
  • F3

Борышқорлық құралдар

Соңғы 7 жылда АӨК-ке инвестициялар компанияның меншікті және тартылған қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Компанияның қорландыру көздерінің әртараптандырылған портфелі және ішкі және халықаралық нарықтарда қарыз қаражатын тартуда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру көлемі Компания қызметінің ұзақ мерзімді кезеңдегі негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Қаржылық тұрақтылық пен қаражатты тиімді тартудың арқасында Компания техникаға әлі де жоғары сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жоғары өнімді заманауи техниканы сатып алу бойынша инвестициялар көлемін жыл сайын ұлғайтуды жалғастырады. Бұған ұлттық жобада және даму тұжырымдамасында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал ететін болады.

Қосымша бюджет қаражатын бөлу жемшөп дайындау және түрлі ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Техника лизингі бойынша инвестициялар көлемін жыл сайын ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында түрлі қаржыландыру көздерінен қосымша қаражат тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілетін болады.

Компания тартылған және мемлекеттік қарыз алу көздері есебінен инвестицияларды одан әрі ұлғайтатын болады.

ҚазАгроҚаржы инвесторлармен ынтымақтастықты дамыту, қарыз алудың жаңа құралдарын пайдалану, қаржыландыру көздерін әртараптандыру, сондай-ақ компанияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті көлемде қорландыру арқылы жүзеге асырылатын қаржыландыруды тарту бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Біздің серіктестер

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру