(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ҚазАгроҚаржы 2021 жылы пайданы екі есеге арттырды

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» 2021 жылы кірісті екі есеге жуық арттырды

2021 жылғы 31 желтоқсандағы аудиторлық деректер бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ таза кірісі 17,3 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 1,8 есеге артық. Бұл туралы ElDala.kz KASE-де жарияланған компанияның 2021 жылғы қаржылық нәтижелері туралы аудиторлық есепке сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жиынтық активтері 2021 жылы 18%-ға өсіп, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 413,346 млрд теңгені, міндеттемелері 11%-ға өсіп, 265,876 млрд теңгені құрады.

Компанияның меншікті капиталы 32%-ға өсіп, 147,470 млрд теңгені құрады.

KASE мәліметінше, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалғыз акционері 2021 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. 12,1 млрд теңге дивидендтер төлеуге бағытталады. 5,19 млрд теңге көлеміндегі таза кірістің қалған сомасы компанияның билігінде қалады.

Тақырып бойынша оқыңыз: ACC агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы болды

«ҚазАгроҚаржы» – ауылшаруашылық техникасын лизингке беру бағдарламаларын ұсынуға маманданған қазақстандық компания. 2021 жылдың наурыз айынан бастап компания «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы болып табылады. Биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құзырына беріледі деп күтілуде.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру