(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған  акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2020 жылғы 06 мамыр

Жалғыз акционер қабылдаған дауыс беру/ шешімдер қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. Қоса тіркеліп отырған «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Избастин Қ.Т.:

1) осы шешіммен бекітілген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жарғысына қолын қойсын;

2) осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3. Күші жойылған деп танылсын:

1) «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамдарының жарғыларын жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселе жөніндегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімінің 1-тармағы 1) тармақшасы;

2) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», «ҚазАгроҚаржы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамдарының жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе жөніндегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 70 шешімінің 1-тармағы 2) тармақшасы;

3) «ҚазАгроҚаржы», «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроӨнім»,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамдарының жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе жөніндегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 18 шешімінің 1-тармағы 1) тармақшасы.

4. Осы шешім «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынш дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАУШЫЛАР – 3 дауыс (Қарашөкеев Е.Ш., Джувашев А.Б., Тасжүреков Е.К.)

ҚАРСЫЛАР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру