(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы:   «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысының өткізілу күні:  2020 жылғы 16 қаңтар

Дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер/жалғыз акционер арқылы қабылданған шешімдер

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақчстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін 2019 жылғы қаржылық есептілік аудиті қызметтерін сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы» мәселе жөніндегі 2019 жылғы 21 маусымдағы № 25 шешімін және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін қаржылық есептілік аудиті қызметтерін бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 5927 хаттаманы ескере отырып, Басқарма ШЕШТІ:

1. «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталсын.

2. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ атқарушы органдары осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Қарашөкеев Е.Ш., Джувашев А.Б., Жұмашов Д.Б., Тасжүреков Е.К.)

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру