(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат

1.Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы («ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі)

2.Аакционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні: 2016 жылғы 2 қараша

3.Акционерлік қоғамының акционерлерінің жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Республика даңғ. 24

4.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: 1. 2016 жылғы 13 ақпандағы № 8 "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен - Жалғыз акционердің шешімімен бекітілген "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ директорлар кеңестері туралы ережелерге өзгертулер енгізу туралы".

5.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:

1. Өзгертулер енгізілсін:

1) осы шешімге қоса тіркелген 1 қосымшаға сәйкес, 2016 жылғы 13 ақпандағы №8 "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен - Жалғыз акционердің шешімімен бекітілген "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге;

2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 5 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамәдиева А.С., Черьязданов С.К., Мусина Л.С., Ерғалиева Б.Б.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру