(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі туралы ақпарат

«ҚазАгроҚаржы» АҚ толық атауы және орналасқан жері: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма отырысының өткен күні, уақыты және орыны: отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының орналасқан жерінде – Астана қ., Республика даңғылы, 24, сағат 18:30 өтті.

Күн тәртібінің мәселесі: «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына 2016 жылға сыйақы мөлшерін анықтау туралы.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5 тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153 тармағының 7) тармақшасына, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ Жарғыларының 17 тармағының 9) тармақшасына, «ҚазАгроГарант» АҚ Жарғысының 19 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасы ШЕШТІ:

1. Директорлар кеңесінің бір отырысына қатысқан үшін «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларына 2016 жылға 75 000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде сыйақы белгіленсін. Сыйақы сомасы салықтар мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қамтылған басқа да міндетті төлемдер шегерілгенге дейін көрсетілген.

2. «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларына келесідей сыйақы төлеу шарттары белгіленсін:

1) сыйақы ақшалай нысанда жылына бір рет, тәуелсіз директор қатысқан Директорлар кеңесі отырыстарының санына сәйкес төленсін;

2) тәуелсіз директор ауыру немесе демалыста болу себебінен болмаған жағдайларды қоспағанда, «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің барлық өткен көзбе-көз және сырттай отырыстарының жартсынан кеміне қатысқан жағдайда, сыйақы төленбейді.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының Басқармалары осы шешімнен туындаған шараларды қолдансын.

4. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамәдиева А.С., Ходжаназаров А.А., Мусина Л.С.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру