(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі туралы ақпарат

«ҚазАгроҚаржы» АҚ толық атауы және орналасқан жері: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма отырысының өтетін күні, уақыты мен орыны: 2016 жылғы 13 қаңтарда, отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының орналасқан жерінде – Астана қ., Республика даңғ., 24, сағат 16:00 өтті.

Күн тәртібінің мәселесі: «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2015 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 5 тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1 тармағы 6) тармақшасына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2015 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып белгіленсін.

2. «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ атқарушы органдары осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 3 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамәдиева А.С., Мусина Л.С.).

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру