Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат
Директорлар кеңесін өткізу күні: 11.09.2017 жыл.
Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы: Жалғыз акционер
Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен/жалғыз акционердің қабылдаған шешімдері: «ҚазАгро» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларының сыйақы мөлшерін, оны төлеу тәртібін және шығыстар өтемақысын төлеу тәртібін анықтау туралы.
Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен : «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 5-тармағына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ: 1. Жарғысы бекітілсін: 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының; 2. осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары: 1) акционерлік қоғамдардың осы шешіммен бекітілген жаңа редакциядағы жарғыларына қолдарын қойсын; 2) осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 3.«ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамдарының Жалғыз акционері ретінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 24 ««ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроӨнім», «КазАгроКепіл», «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамдарының жаңа редакциядағы жарғыларын бекіту туралы» мәселесі жөніндегі шешімінің 1-тармағы 1)-5) тармақшаларының күші жойылған деп танылсын. 4. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1-тармағында аталған акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын. Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы: ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Атамқұлова Г.Т., Мұхамадиева А.С., Кенжеболат С.К., Ерғалиева Б.Б.). ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ. ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) – жоқ. Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.