(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2019 жылғы 15 мамырдан

Акционерлерінің (қатысушылардың) жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Бигелдинов даңғ. 12.

Акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: «ҚазАгроҚаржы», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы», Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроӨнім», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамдарының жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы. 

Акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен: Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жарғысына;

2) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына;

3) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Жарғысына;

4) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының Жарғысына;

5) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 37 шешімімен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Жарғысына;

6) Жалғыз акционердің – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 45 шешімімен бекітілген «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары:

1) акционерлік қоғамдардың жарғыларына енгізіліп, осы шешіммен бекітілген өзгертулер мен толықтыруларға қолдарын қойсын;

2)    осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын. 

Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 6 дауыс (Карашукеев Е.Ш., Дарибаев М.А., Джувашев А.Б., Жумашов Д.М., Карнакова Н.Ш., Тасжуреков Е.К.)

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР –  (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім 6 (алты) дауыспен қабылданды.

Дауыс беру нәтижесі: шешім 6 (алты) дауыспен қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру