(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2019 жылғы 30 қантардан

Акционерлерінің (қатысушылардың) жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Бигелдинов даңғ. 12.

Акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы

Акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен: Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республиксы Заңының 36-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына», «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жарғысының 16-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, «ҚазАгро» холдингі» АҚ мен оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-н 2018 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың бірыңғай  ұйымдастырушысы етіп белгілеу мәселесі жөніндегі «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 49 шешімін және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін 2018 жылғы 28 қарашадағы № 23-10-05/11/03 бір көзден алу тәсілімен қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ескере отырып,  Басқарма ШЕШТІ:

1.«Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2018 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып белгіленсін.

2.«ҚазАгроҚаржы» АҚ атқарушы органы  осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Құрманов Р.Ж., Мунжасаров А.Ж., Джувашев А.Б., Раисова Г.Б.)

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім 4 (төрт) дауыспен қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру