(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы:  "ҚазАгроҚаржы" АҚ Жалғыз акционері

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін күн: 2017 жылғы 28 желтоқсанда.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы өтетін жер: отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы орналасқан жерде – Астана қ., Республика даңғылы, 24 мекенжайында өтті.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:  2. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2017 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

Дауыс беру қорытындысын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер: Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша қабылданған шешім:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы, 6) тармақшасына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 153-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, «ҚазАгро» холдингі» АҚ мен оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-н 2017 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы етіп анықтау мәселесі жөніндегі «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 54 шешімін және бір көзден алу тәсілімен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мен оның жекелеген еншілес акционерлік қоғамдары үшін 2017 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тендерінің қорытындылары туралы хаттаманы ескере отырып, Басқарма ШЕШТІ:

1. «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2017 жылғы қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталсын.

2. «ҚазАгроҚаржы» АҚ атқарушы органы осы шешімнен туындайтын шараларды қолдансын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі деп саналсын.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 4 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамадиева А.С., Атамқұлова Г.Т., Ерғалиева Б.Б.)

ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа да мәліметтер: Жоқ.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру