Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат
1.Шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы («ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі)
2.Акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні: 2017 жылғы 27 қаңтар
3.Акционерлік қоғамының акционерлерінің жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Республика даңғ. 24
4.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен - Жалғыз акционердің 2016 жылғы 13 ақпандағы №8 шешімімен бекітілген "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ директорлар кеңестері туралы ережелерге өзгертулер енгізу туралы.
5.Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына және "ҚазАгро" холдингі" АҚ Жарғысының 153-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:1. Өзгертулер енгізілсін:
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен - Жалғыз акционердің 2016 жылғы 13 ақпандағы №8 шешімімен бекітілген "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес.
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқармасының осы шешімі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс беру қортындысы:
ҚОЛДАҒАНДАР - 4 дауыс (Малелов Н.Т., Мұхамадиева А.С., Мусина Л.С., Ерғалиева Б.Б.).
ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРГЕНДЕР - жоқ.
ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР - (ерекше пікір) - жоқ.
Дауыс беру қортындысы: шешім бір ауыздан қабылданды.