Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Құрметті клиенттер, серіктестер, әріптестер!

Бүгін біз компания тарихындағы маңызды күнді – «ҚазАгроҚаржы» АҚ 25-жылдығын атап өтудеміз. Өткенімізге үңіліп, қол жеткізген жетістіктерімізді еске түсірер тамаша күн. 25 жыл ішінде «ҚазАгроҚаржы» 1,5 трлн теңге көлеміндегі сомаға 86 мың бірліктен астам техниканы лизингке берді.

Бүгінде лизинг нарықта сұранысқа ие, егер 2000 жылдардың басында елімізде бар-жоғы 5 лизинг компаниясы жұмыс істеген болса, 25 жылда олардың саны 66-ға дейін жетті. Осы жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» фермерлерді үнемі қолдап келді. Біз сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және сенімді серіктес бола алғанымызды мақтан тұтамыз.

25 жыл – бұл жетістіктерге, жаңа жобаларға, ең бастысы, осы уақыт ішінде қол жеткізген сенімге толы үлкен бір дәуір.

«ҚазАгроҚаржы» жетістіктері – бұл біріншіден, ұжымның еңбегі. Біз осы жылдар ішінде көп нәрсені үйрендік, команда ретінде өстік.

Біздің қызметкерлер – қоғам үшін тынымсыз еңбек еткен өз ісінің шеберлері. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жана берсін, табысты болсын.

Мерейтоймен, «ҚазАгроҚаржы»! Келешегің кемел, рухың мықты, даңқың асқақтай берсін!

Құрметпен,

«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы,

Айдар Прашев

Артқа

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру