Алаяқтар «ҚазАгроҚаржы» атынан кредиттер беру туралы хаттар таратуда

Соңғы уақытта алаяқтар өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкіліміз деп таныстырып, кредиттер беру туралы жалған хаттар жіберетін жағдайлар жиілеп кетті. Неғұрлым сенімді болу үшін қаскөйлер «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының қолы қойылған, сондай-ақ клиенттің дербес деректері көрсетілген жалған хаттар таратуда.
Назар аударатын жайт, «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсетеді. Компания клиенттерге кредит түріндегі ақша қаражаттарын беруге қатысты ұсыныстар жіберген жоқ. Мұндай хаттарды алаяқтар құрбандарынан өздерінің жалған қызметтері үшін ақша алу мақсатында пайдаланады.
Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на Маңғыстау облысынан алаяқтар арбауына түскен бірнеше клиент жүгінді. Кредит алуға бағытталған қызметтер көрсетеміз деп, компанияның «жалған қызметкерлері» 800 мың теңге көлемінде алғашқы жарна, сондай-ақ мақұлданған кредит сомасынан пайыз төлеуді сұраған. Орташа алғанда, бұндай «қызмет» ақысы «ҚазАгроҚаржы» клиенті үшін 2 млн теңгені құраған. Өз іс-әрекеттерінің заңдылығын растау үшін алаяқтар шарт жасасқан.
Біз сіздерді аса мұқият болуға және мұндай хабарламаларға жауап бермеуге шақырамыз. Егер осындай хат алсаңыз немесе алаяқтық іс-әрекеттерге тап болсаңыз, бірден ішкі істер органдарына хабарласыңыз.
Артқа