(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Сауда-саттық туралы ақпарат

Сауда-саттық туралы ақпарат

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АУКЦИОН! «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы сауда-саттық өткізу жөнінде хабарлайды

Сауда-саттыққа шығарылатын мүлік: ағылшын әдісі бойынша (бағасын көтеру шарттарында)

Лот № 1: Ғимараттар мен құрылыстар, жалпы алаңы 18 917,3 кв.м., жеке меншік құқығындағы іргелес жатқан жер телімімен бірге, жалпы алаңы 6,0177 га, кадастрлық нөмірі 03-262-020-017, нысаналы мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау объектісіне қызмет көрсетуге арналған, мекенжайы: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы.

Бастапқы бағасы: 136 751 700 (жүз отыз алты миллион жеті жүз елу бір мың жеті жүз) теңге.

Кепілді жарнасы: бастапқы бағасынан 5 (бес) %. Кепілді жарна «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша есепке алынады.

Лот бойынша қадам: 6 837 585 (алты миллион сегіз жүз отыз жеті мың бес жүз сексен бес) теңге.

Лот № 2: Жер телімі, жеке меншік құқығында, жалпы алаңы 1.0000 га, кадастрлық нөмірі 20-315-060-033, жер телімінің нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізуге арналған, жер телімін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар – инженерлік желелерге техникалық қызмет көрсету үшін және жөндеу үшін пайдаланушы қызметтер мен кәсіпорындарға кедергісіз өтуге рұқсатты қамтамасыз ету, жер телімінің бөлінгіштігі – бөлінеді.

Мүліктің орналасқан жері: Алматы қ., Медеу ауданы, «Горный Гигант» өндірістік кооперативі, 74 телім.

Бастапқы бағасы: 139 680 000 (жүз отыз тоғыз миллион алты жүз сексен мың) теңге.

Кепілді жарна: бастапқы құннан 5 (бес) %. Кепілді жарна «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша есепке алынады.

Лот бойынша қадам: 6 984 000 (алты миллион тоғыз жүз сексен төрт мың) теңге.

Сенімгер тұлға: Курмансеитов Рустем Шайхнурович.

Сауда-саттық өтетін күн және уақыт: 2022 жылғы 03 маусымда сағат 10.00-нан 11:00 дейін.

Өзге шарттары: Ең жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Өтінімдерді қабылдау осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және 2022 жылғы 02 маусымда сағат 18-00-де тоқтатылады. Сауда-саттыққа кепілдік жарнаны төлеген және белгіленген мерзімде сауда-саттыққа қатысуға тіркеуден өткен қатысушы жіберіледі.

Сатып алу бағасын төлеу тәртібі мен мерзімдері: жеңімпаз жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша ақша қаражатын аудару жолымен сатып алу бағасын төлейді.

Сауда-саттық өтетін жер: Алматы қ., Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, Чайковский көшесінің бұрышы, «Kaisar Tower» БО, 4-қабат, 410 кабинет.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері: 010000, ЖСК KZ106010111000045066 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Нұр-Сұлтан қ., БСК HSBKKZKX, Кбе 15, БСН 991240000043, алушы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ аукционшысының орналасқан жері мен байланыс телефоны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, Чайковский көшесінің бұрышы, «Kaisar Tower» Бизнес орталығы, 4-қабат, 410 кабинет, телефоны: +7 /707/ 72-72-711.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру