Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет

Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет

Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет

«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметі (бұдан әрі – СБОҚ) «ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Директорлар кеңесінің шешімімен Холдингте және оның еншілес ұйымдарында сатып алу қағидалары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құрылды.

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының сатып алуды өткізу ережелерін бұзушылықтарға тап болған әлеуетті Өнім берушілері Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 186-4-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде СБОҚ-ке шағымдануға құқылы.

Шағымды белгіленген мерзімде берген кезде сатып алу туралы шарт жасасуды СБОҚ шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады. Шағымда көрсетілген фактілер расталған кезде СБОҚ сатып алу қорытындыларын жоюға дейінгі Заңда белгіленген тиісті шараларды қабылдайтын болады.


Байланыс ақпараты:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметі,
Нұр-Сұлтан қ., Иманов к. 13,
тел. +7(7172)705620 (ішкі 1090),
email: ye.karentayev@kazagro.kz