Баспасөз-Кит

Компания туралы анықтама

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған.

Қоғам «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына енеді.

Өз кезегінде Холдингтің Жалғыз акционерінің функциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарады. Қоғам өз қызметін Акционерлік қоғамдар туралы заңға және дүние жүзіндегі корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырады. Қоғам Жалғыз акционердің мүддесінде қызмет атқарады, Жалғыз акционерге және Директорлар кеңесіне есеп беруге міндетті.

Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және және технологиялық жабдыққа деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Миссиясы. Сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу.

Пайымдауы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-саланың қазіргі заманғы және жоғары технологиялық техникаға қажеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстанның АӨК лизинг нарығындағы көшбасшы.

Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін, Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтік қызмет;

2) несиелендіру және Қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері;

3) республикалық бюджеттік бағдарламаларды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған басқа да бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 16 филиалы бар. Компанияның еншілес кәсіпорындары жоқ.