(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Суретті репортаждар

Балық өсіру маманының өмірінен бір күн

Шығыстың қара алтыны: Шығыс Қазақстанда бекірені қалай өсіреді

Шығыс Қазақстанда бекірені уылдырық пен етке қалай өсіреді. Балық өсіру маманының өмірінен бір күн.

Бекіре өсіру үшін не керек? Оның бір килограмм еті қанша тұратын болады және Шығыс Қазақстан өндірушілерінен дүкен сөрелеріне қара уылдырықты қаншалықты тез күтуге болады? NUR.KZ тілшілері осы сұрақтарға жауап алу үшін, қазақстандық балық фермасының бас балық маманы- технологымен бір күн өткізді.


Халелов  Айдардың жұмыс күні таңғы сағат 8-де басталады. Ол алдымен цехқа кіріп, бассейндердегі судың гидротехникалық жағдайын тексереді. Қазір мұнда 10 үлкен және 12 кішкене сыйымдылық бар.


Көлемі 45 текше метрге жуық үлкен сыйымдылықтарда бағалы балықтардың бірнеше түрлері жүзір жүр. Көлемі 8 текше метр сыйымдылықтарда шабақтар мен құртшабақтар шалпылдатып жүр.

«Алдымен датчиктер бойынша гидрохимиялық режимді бақылаймын, балықтарды тамақтандыру процесін, судың ауыстырылуы мен температурасын, оның тұзбен және оттегімен қанықтырылу деңгейін қадағалап отырамын. Бәрі автоматтандырылған, бірақ көңіл бөлуді қажет етеді», - дейді бас балық өсіруші.



Айтпақшы, латвиялық ең жаңа жабдық, соны жоба және болашақтың перспективалы келешегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ көмегінің арқасында мүмкін болды.


Жобаның жалпы құны бір миллиард жеті жүз миллион теңгедей. Бір жарым миллиарды «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша алынған. Латвияда лизингке сатылып алынған SIA «AKVAFerma» технологиялық жабдығы бірқатар уақыттан кейін жылына 45 тонна бекіре және 4 тонна қара уылдырық өндіретіндей қуатқа шығуға мүмкіндік береді.


Бассейндерде бағалы балықтардың бірнеше түрлерін өсіреді: орыс бекіресі, сібір бекіресі, сүйрік және ақсерке мен сүйрік буданы - бестер. Олардың қазіргі сәттегі саны – коммерциялық құпия, бірақ балықтардың саны бірнеше мыңдаған данаға дейін баратынын дәл айтуға болады.


Балықтарға өзінің меншікті балықтарына сияқты қамқорлық жасайтын Халелов Айдардың айтуынша, балықтардың өздерін табиғи тіршілік ортасына мүмкіндігінше жақынырақ сезініп жүруіне ерекше көңіл бөлінеді. Сүзгі, тамақтандыру және суды тұздау жүйесі бекірелер ешқандай өзгерісті сезінбейтін күйге келтірілген.



«Бұл балықтар жарық сәулені ұнатпайды және тамақты, негізінен, табиғаттағыдай судың түбінен жинайды, олар тіршілігінің негізгі бөлігін сонда өткізеді. Бассейндерде ішінара мынаны жасауға тырысамыз. Кішкене балықтар үшін мөлшері шағын азық, оның өсу шамасына қарай ол үлкейе береді. Балық азығы суға батуға тиіс, ол үшін иісі жағымды және мол калориялы болуға тиіс», - деп түсіндірді балық өсіруші.


Тазалау және тамақтандыру жүйесінің жұмысын тексеріп болғаннан кейін, ол шабақтар мен құртшабақтарды зер салып тексереді. Кейбіреулерін қолына алып өлшейді.


Жай ғана судың температурасы мен азық мөлшерін реттей отырып, қазіргі сәтте өндіріске не керек екеніне қарай, олардың өсімін баяулатуға және жылдамдатуға болады.

«Бекіре + 2 граудустан +27°C дейінгі температурада өзін тамаша сезінеді, бірақ балықтың қарқынды өсуі үшін және өрбуі үшін ең жақсы температуралық режим + 17 градустан +22°C дейінгі шекте ауытқып тұрады. Мұндай температура кезінде бекіренің ұрғашысы табиғи жағдайындағыдан гөрі уылдырықты ертерек шаша бастайды», - деп дәлдей түсті балық өсіруші.


Жалпы алғанда, Айдардың міндеті - технологиялық процесті кейін қажетті түзетулер енгізе отырып, оны тек қадағалап қана отыратындай етіп тұрғызу.

Қазақстандықтардың дастарқанына жеңсік ас ендігі таяу арада келіп түспекші. Бекіре еті дүкендерде 2018 жылы, ал қара уылдырық 2020 жылы қолжетімді болмақ.


«Бекіре етінің бір килограммы шамамен 4000 теңге тұратын болады, ал уылдырық қанша тұратыны әзірше белгісіз», -дейді балық өсіруші қолына ірі бекірені алып қарап.


Тәулігіне бекірелерге 3-4 сағат уақыт бөлу керек. Іс жүзінде бір күнді алатын сұрыптау кезеңдері  бұған кірмейді. Балық өсірушінің жұмыс күні кешкі сағат 17-те, жұмысы немен басталса, сонымен - судың гидрохимиялық құрамын тексерумен аяқталады. 


Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру