Жаңа LOVOL тракторларының мың данасы фермерлерге арнайы бағамен беріледі
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қытайлық Weichai Lovol Intelligent Agricultural Technology Co., Ltd және қазақстандық AGROMASH зауытымен үшжақты келісім жасасты. Келісім аясында елімізге заманауи жаңа LOVOL тракторының 1000 бірлігі фермерлерге арнайы бағамен сатылатын болады.
Ауыл шаруашылығы саласына қажетті кешенді тракторды 2025 жылы егін егу науқаны басталар алдында сатылымға шығару жоспарланып отыр.
«Бүгінгі басты мақсаттардың бірі – АӨК саласын сапалы және сенімді техникамен қамтамасыз ету болып табылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ елімізді ең қолайлы шарттар бойынша техниканы лизингін ұсынады – жылдық 5% мөлшермен, 10 жылдық мерзімге. Серіктестермен және зауыт-өндірушінің ұтымды ұсыныстары мен қолжетімді лизинг шарттарының бірігуі - қазақстандық фермелерге тракторлар паркін жаңартуда айтарлық қолдау көрсетуге мүмкін беретін болады»,- деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Сейітжанов.
2025 жылы егін егу науқаны кезінде AGROMASH зауытының локализация орталығында заманауи жаңа LOVOL тракторларының мың данасы өндірілетін болады. Жоғарыда айталғандай, аталмыш а/ш техникасын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арнайы бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
«Қазірдің өзінде фермерлер экономикалық тарапынан қиын болатыныдығын жіті түсінеді, оған жыл сайын орын алып жатқан ауыспалы мезгілдерде себеп. Сол себепті барлық жұмысты уақытылы аяқтау үшін арнайы техниканың болуы аса қажет. Сол себепті аграриялардың айтқандарына құлақ аса отыра, тракторлардың барлық модельді қатарлары жаңаратын болады. Бұл машиналар заманауи заманның техникасы. Екіншіден, 2025 жылы егін егу науқаны кезінде біз серіктестермен бірлесе техниканы арнайы бағамен сатып алу мүмкіндігі бар ұсыныс әзірледік», - деді AGROMASH зауытының президенті Динара Шүкіжанова.
Айта кететін жайт, ұсынылып отырған LOVOL бренді соңғы жылдары қазақстандық нарықта сенімді және сұранысқа ие және сатылымы жоғарғы маркалардың қатарында тұр. Тек осы жылдың 9 айдың ішінде еліміздің барлық астық дақылдарын егетін аймақтарға 800 бірлік трактор іске асырылды.
Артқа