Fitch «ВВВ-» деңгейінде «ҚазАгроҚаржы» рейтингісін растады, болжам «Тұрақты»
Fitch Ratings «ҚазАгроҚаржы» АҚ «ВВВ-». деңгейінде шетел және ұлттық валютада эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингтерін («ЭДР») растады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты» деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.
Рейтингтерді расталуы агенттіктің компанияның Қазақстандағы лизингтік қызметтердің негізгі жеткізуші ретіндегі рөліне қатысты ойынның өзгермегендігін көрсетеді.
«Агенттіктің мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингтеу жөніндегі агенттіктің әдіснамасына сәйкес қолдаудың рейтингтік факторды бағалауының өзгермегендігі, мүмкін ең жоғары "60" - тен "35"скорингтік балл береді. Осыған орай, компанияның рейтингі Қазақстанның егеменді рейтингісінен бір саты төмен орналасқан ((«ВВВ»/болжам «Тұрақты»)», - делінген Fitch Rating рейтинг агентігінің ресми хабарламасында.
«Тұрақты» болжамы компания нарықтағы қаржы тұрақтылығын сақтауға және тәуекелдерді басқару кезінде өзінінің мүмкіндіктерін сақтап қала алатындығын білдіреді.
«ҚазАгроҚаржы» өтімділіктің жоғары деңгейін сақтауға және лизингтік құралдың беріктігіне көп көңіл бөледі. Компания лизингтік қызмет көрсету нарығындағы көшбасшы болып табылады. Біз отандық және шетелдік өндірістің 100-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасын жеткізушілермен серіктеспіз. Біздің кредиттік портфелімізде 7 мыңнан астам клиенттеріміз бар.
Кредиттік рейтингтің расталуы – бұл біздің компанияға деген сенімділікті, сондай-ақ қазіргі таңдағы экономикалық кезінде қаржылық жағдайды сақтау қабілеттілігін білдіреді» - «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Артқа