Call-center:
(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Техника сатып алуға ШҚО ферма қожалықтарына 4 млрд теңге қаржы құйылды

2024 жылдың 27 тамыз айында Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында журналистерге арналған баспасөз-туры өткізілді. Шара барысында қоғамдық ақпарат сала қызметкерлері «Тамирлан и К» және «Семена Масличных» ЖШС жұмысымен танысты.

«Тамирлан и К» ЖШС бидай, арпа және күнбағыс өнімдерін өсірумен айналысады. Шаруашылықтың 2000 га жері астық, ал 1000 га жері күнбағыс азығын егуге бағытталған. Кәсіпорында егіс алқаптарына пайдаланатын 4 комбайнды қоса алғанда, 20-ға жуық техникалары бар.

«Бүгінгі жылы астықтың өсуіне ауа-райы өте қолайлы болды. Жауын-шашынның арқасында өсімдік дақылдары тиісті нормада суарланып, соның арқасында жоспарланған көлемнен 40 центнерге артық арпа жинап алу мүмкіндігіне ие болдық. Осындай көлемде бидай дақылын жинап аламыз деген ойдамыз. Кәсіпорында 3 комбайн жұмыс істеп тұр. Әсіресе John Deere и CLAAS техникалары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы сатып алынды. Қазіргі таңда Claas атты техникаларға көшіп жатырмыз»,-деді «Тамирлан и К» ЖШС бас директоры Рустам Жамбосынов.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен жұмыс істеп жатқан жылдар ішінде кәсіпорын 700 млн теңгеге жуық сомаға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған.

«Семена Масличных» шаруа қожалығы тұқым шаруашылығымен айналысады. 2024 жылы қожалық «5%Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясында комбайнды рәсімдеді.

Шаруашылықтың алып жатқан жер аумағы 4 мың га құрайды. Жер телімдерін пайдалану құрылымы - жаздық және күздік бидай, күздік қара бидай, арпа, күнбағыс, бұршақ, қарақұмық, зығыр.

«Сібір тұқымдарын көбейтуден басқа шаруашылықта жаңа гибриттер мен сорттарды шығаратын өзінің селекциялық зертханасы бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның реестрінде 4 гибрид және 1 күнбағыс сорты тіркелген. Сондай-ақ ағымдағы жылы біз зығыр мен азурдың 1 сорттарын аудандастырдық. Қазіргі уақытта біздің жұмыстарымыз үлкен сұранысқа ие»,-деді шаруа басшысы Людмила Цыбенко.

«Семена Масличных» өндіріс базасындағы қойма орындарын, жөндеу шеберханаларын, кептіру шаруашылығы және механикаландырылған тоқтар сияқты заманауи жабдықтармен жабдықтаған.

«2004 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Ортақ ынтымақтастығымыздың арқасында 16 бірлік техникалар мен құрал-жабдықтарды, оның ішінде 6 комбайн сатып алдық. Соңғы CLAAS маркалы 2 комбайн «5%Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясында алынды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы облысы бойынша алғаш рет Вектор комбайынын алғандардың бірі біз болдық»,-деді «Семена Масличных» ШҚ бас директоры.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдар мен күнбағыс бойынша өнімділік 33-тен 45 центнерге дейін жетеді. Биылғы көрсеткіш бойынша астықтың сапасы өте жоғары.

Аталмыш кәсіпорындар ауыл шаруашылығы паркін жаңартуға орасан көңіл бөлетін табысты кәсіпорындардың бірі болып табылады.

«Жеңілдетілген лизинг» баңдарламасы шеңберінде аграриялар ауыл шаруашылығы техникаларын 7 жылға 5% мөлшерінде ала алады. Бағдарлама мақсаты – ауыл шаруашылығы техникаларының техникалық жағдайын жаңарту. Облыс бойынша 100 бірлік көлемінде техника сатып алуға 4 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді»,-деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Мақсат Байгелді.

Анықтама:

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді. Компания өз қызметін еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отырып, 24 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру