Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылғы 25 шілдеде "Жеңілдікті лизинг" және "Қазақстанда жасалған" бағдарламаларын іске асыру шеңберінде техниканы тапсырды

2023 жылғы 26 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ «ӨЗ ЖЕМ-ШӨБІМІЗ», «ҚАЗАҚСАНДА ЖАСАЛҒАН», «ЖАСЫЛ ӨНІМ» және «ЖЕҢІЛДІКТІ ЛИЗИНГ» жеңілдікті бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады. Бір айда фермерлерден 41,6 млрд теңге сомасына 1149 өтінім келіп түсті. Бүгін лизингтің жеңілдетілген бағдарламалары бойынша қаржыландырылған тракторлар мен комбайндарды кезекті тапсыру өтті.

Жеңілдікті лизингті іске асырудың арқасында "COMPANY GROUP TORE" ЖШС, "Смағұл" ШҚ және "Кәкенов" ШҚ фермерлері егін жинау науқанын жаңа техникамен бастайды!

Жеңілдікті лизингті енгізудің арқасында «COMPANY GROUP TORE» ЖШС, «Смағұл» ШҚ және «Какенов» ШҚ диқандары егін жинау науқанына жаңа техникамен кіріседі!

«COMPANY GROUP TORE» ЖШС Vector 410 KZ екі комбайнын және YTO X1304 тракторын (өндіруші - Kazrost Engineering Ltd) алуға «ЖЕҢІЛДІКТІ ЛИЗИНГ» бағдарламасы бойынша өтінім берді. Компания дәнді дақылдар өнімдерін өндіруге мамандандырылған және 2023 жылы бидай дақылдарының ауданы 2 147 га құрады.

«COMPANY GROUP TORE» ЖШС өкілі жеңілдікті шарттармен техника алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді:

«Біз бұл бағдарламаға өте қуаныштымыз, тиімді шарттармен екі Vector 410 KZ комбайны мен YTO X1304 тракторын сатып алдық. Мүмкіндік үшін ҚазАгроҚаржы компаниясына алғыс айтамыз, - деді» COMPANY GROUP TORE» ЖШС өкілі.

«Смағұл» ШҚ YTO-Х904 тракторын (Kazrost Engineering Ltd өндірушісі) сатып алуға «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» Бағдарламасына қатысуға өтінім берді. Шаруашылық мал шаруашылығына мамандандырылған және 678 га алқапта бидай өсірумен айналысады.

«Кәкенов» ШҚ YTO X1304 тракторын (Kazrost Engineering Ltd өндірушісі) сатып алуға «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» бағдарламасына қатысуға өтінім берді. Шаруашылық мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына маманданған.

«Кәкенов» шаруа қожалығының өкілі "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы үшін алғысын білдірді:

«ҚазАгроҚаржы өтінімді тез және жедел қарады, ал бүгін біз техниканы алып жатырмыз. Өте жақсы бағдарлама, фермерлерге көмек, тамаша жағдайлар. ҚазАгроҚаржы арқасында өзімізді жақсы танытқан жаңа YTO X1304 тракторын алуға мүмкіндігіміз бар. Рахмет!»,- деп атап өтті «Кәкенов» ШҚ шаруа қожалығының өкілі.

Қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламаларын іске асыруды «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2022 жылы бастады. Мәселен, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында 6% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 15,5 млрд теңге сомаға отандық өндірістің техникасы, «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша – 40 млрд теңге сомаға отандық өндірістің техникасы лизингке берілді. Аталған бағдарламаларды іске асыру қорытындысы бойынша 1303 АШТӨ 17082 бірлік техниканы сатып алуға қаржыландырылды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының фермерлері қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламаларына қатысу бойынша көшбасшы болды. Жеңілдікті бағдарламалар шеңберінде сатылған техниканың едәуір көлемі "Агромашхолдинг" АҚ өндірген комбайндарға 68,4 % және "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС өндірген тракторларға 40% тиесілі болды.

2023 жылы ҚазАгроҚаржы жеңілдетілген лизингке шамамен 57 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, жеңілдікті бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Өтінімдерді қабылдау үшін Telegram bot ҚазАгроҚаржы электрондық кезек қалыптастырылады [https://t.me/kaz_agro_finance_bot].

Жеңілдікті бағдарламалар туралы толық ақпарат алу үшін сайтқа кіру керек www.kaf.kz немесе Сіздің аймағыңыздың филиалдарына хабарласыңыз.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру