(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Семей фермерлері ауыл шаруашылығын дамыту үшін «бір терезе» форматында қаржы ала алады

21 желтоқсанда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкеловтың, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбековтың, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Айдар Прашевтің, еншілес ұйымдардың басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен «Аграрлық несие корпорциясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа филиалдарының ресми ашылуы өтті.

Ашылу салтанаты аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз-конференциясы өтті, оған «Аграрлық несие корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Марлен Нәбиев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Семей қаласындағы филиалының директоры Мақсат Байгелді, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Абай облысы бойынша филиалының төрағасы Серік Байғалиев қатысты.

«Жеті жыл ішінде Абай облысының құрамына енген өңірлер бойынша құны 20 млрд теңгеден асатын 15 ірі инвестициялық жоба қаржыландырылды. Әңгіме бордақылау алаңдарын құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тауарлы-сүт фермаларын дамыту, асыл тұқымды шаруашылықтар құру және т.б. жөнінде болып отыр.

Осы жылдың басынан бастап «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары бойынша Абай облысында 186 жобаны іске асыруға 3,3 млрд теңге бағытталды. Біз өңірдің агроқұрылымдарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыра бермекпіз», - деп мәлімдеді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашевтің айтуынша, жаңа филиалда Семей және Абай облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке ала алады. Абай облысының әлеуеті зор: ол 185,5 мың шаршы км аумақты алып жатыр және 9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар. «Филиалдың ашылуының арқасында өңір фермерлері пайдалана алатын бюджет ұлғаяды, өйткені Абай облысының АӨК қаржыландыруға 2023 жылы шамамен 5 млрд теңге бөлінбекші»,– деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы.

Нарық өкілі – «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Абай облысы бойынша филиалының төрағасы Серік Байғалиев бұл қаржы институттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін, фермерлер үшін арнайы құрылғанын атап өтті. «ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен кездесуіміздің қорытындысы бойынша, шаруалар үшін құжаттар пакеті қысқартылады деп күтілуде, яғни фермерлер жеке куәлігімен және өздерінің шаруа қожалығын, ЖШС және т. б. тіркеу туралы куәлікпен келіп, осы құжаттардың негізінде қаржыландыру ала алады», - деп баса атап өтті.

Сондай-ақ, алдағы жылдары барлық институттардың, оның ішінде Мемлекеттік кірістер департаментінің, Ұлттық статистика бюросының және т.б. дерекқорларын біріктіру жоспарлануда. Бүгін Семей қаласында филиалдың ашылуы фермерлерге көрсетілетін қызметті «бір терезе» форматында алуға мүмкіндік береді, өйткені «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бір мекенжайда орналасқан», - деп атап өтті Серік Байғалиев.

Облыста өз филиалының болуы жол шығындарын едәуір азайтады және Бесқарағай, Бородулиха және Абай аудандарының фермерлері үшін бизнес-процестерді жеделдетеді, өйткені бұрын фермерлерге өтінім беру үшін Өскеменге дейін 200 км артық жол жүруге тура келді.

««ҚазАгроҚаржы» АҚ Абай облысы бойынша филиалының портфелінде 663 астам АШТӨ клиенттеріне қызмет көрсетілетін болады (1 878 шарт) және мұнымен шектеліп қана қоймай, несие портфелі 13,2 млрд теңгені құрайтын болады», - деп айтып өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының директоры Мақсат Байгелді.

Қазір облыс «ҚазАгроҚаржы» АҚ көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Абай облысы бойынша қаржыландырылған өтінімдердің сомасы 7,7 млрд теңгені құрады, 432 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.

Енді Абай облысының кем дегенде 650 фермерлік қожалығы ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке ала алады. Бұл ауыл шаруашылығы бизнесін құру және дамыту үшін үлкен қолдау болмақ, яғни тұтынушыларға арналған дүкен сөрелеріндегі ассортименттің әртүрлілігін қамтамасыз етпек.

Анықтама үшін:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – саланың заманауи және жоғары технологиялы техникаға қажеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстанның АӨК лизинг нарығындағы көшбасшы. Бүгінгі таңда компания қазақстандық лизинг нарығының шамамен 80% қамтып отыр.

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  Жалғыз акционері «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ болып табылады, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялары  тобына енеді.

Бүгінгі таңда компания портфелінде 10 791 клиент бар, 2000 жылдан бері 68,5 мың бірлік техника лизингке берілді және АӨК-ге 1 211,4 млрд теңге инвестицияланды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде компанияның 15 филиалы бар. Жақын арада Ұлытау және Жетісу облыстарында тағы да екі өкілдік ашу жоспарлануда.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру