«ҚазАгроҚаржы» АҚ Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық көрмеге қатысты

Бүгін елордада жыл сайынғы KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмесі өтіп жатыр. Іс-шарада әлемдік жетекші автоконцерндердің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары ұсынылған.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ көрме қатысушылары мен қонақтарына субсидиялауды ескере отырып, жылдық 6% мөлшерлеме бойынша лизингтің тиімді шарттарын таныстырды. Сондай-ақ, отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алғысы келетіндер үшін субсидиялаусыз 6% пайыздық мөлшерлемемен техника сатып алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда бұл еліміздегі ең қолайлы шарттар.
Көрмеге әлемнің 20 елінен 300-ден астам агроөнеркәсіптік компания қатысып отыр. Келушілер ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілерімен, тұқымдар селекциясымен, агрономия саласындағы жаңа технологиялармен таныса алады.
Көрме 12-14 қазан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Сіздерге ыңғайлы болу үшін біздің мамандар жеке кеңес береді, онда техниканы сатып алудың ең тиімді шарттары туралы біле аласыз. Сіздерді С 06 павильонында күтеміз.
Артқа