(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"Жеңілдікті лизинг" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2022 жылғы 19 тамызда Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршыларына кезекті техниканы беру жүргізілді

Жаңалықтар

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2022 жылғы 19 тамызда Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршыларына кезекті техниканы беру шарасы өткізілді»

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын іске асыруды белсене жалғастыруда.

Бүгін, 2022 жылғы 19 тамызда, отандық ауыл шаруашылығы техникасының кезекті алушылары Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері болды.

«Уралбай» және «САПАРҒАЛИ» шаруа қожалықтарына өндіруші «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС-нің тракторлары берілді.

«Уралбай» ШҚ 2022 жылғы 10 тамызда «Беларус 80.1» тракторын лизингке алуға өтініммен жүгінді. Шаруашылық 2002 жылы құрылған, мал шаруашылығына маманданған.


«САПАРҒАЛИ» ШҚ лизингке «Беларус 80.1» тракторын сатып алуға «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасына қатысуға өтінімді 2022 жылғы 11 тамызда берген. Шаруашылық 2012 жылы құрылған және мал шаруашылығына маманданған.

Солтүстік Қазақстанның аграршыларына - «Даниал» ШҚ, «Тихоокеанское-2015» ЖШС және «СоВА» ФҚ-на астық жинау комбайндары берілді.

«Даниал» ШҚ 2022 жылғы 10 тамызда «ACROS-550KZ» өздігінен жүретін астық жинау комбайнын (өндіруші «Kazrost Engineering» ЖК) лизингке алуға өтініммен жүгінген. Шаруашылық 2000 жылы құрылған, дәнді және майлы дақылдарды өсіруге маманданған.


«Тихоокеанское-2015» ЖШС 2022 жылғы 09 тамызда Essil КЗС-750 комбайнын (өндіруші «Агромашхолдинг KZ» АҚ) лизингке алуға өтініммен жүгінген. Шаруашылық 2015 жылы құрылған, дәнді және майлы дақылдарды өсіруге маманданған.


«СоВА» ФҚ 2022 жылғы 09 тамызда Essil КЗС-730 комбайнын (өндіруші «Агромашхолдинг KZ» АҚ) лизингке алуға өтініммен жүгінген. Шаруашылық 2007 жылы құрылған, дәнді және майлы дақылдарды өсіруге маманданған.


Естеріңізге сала кетейік, отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке беру бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау жұмысы 2022 жылғы 5 тамызда басталды. «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын іске асыру үшін «Жасыл-Даму» АҚ (ӨКЖ операторы) мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражаты есебінен отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының мыңға жуық бірлігін сатып алуға 40 млрд теңге қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

Бағдарлама талаптары:

  1. лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  2. сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
  3. лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;
  4. негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Бастапқы жарнаның және кепіл мүлкін ұсыну қажеттілігінің болмауы шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдікті талаптарда ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, скоринг жүйесін енгізу арқасында өтінімдер өте қысқа мерзімде қаралады және 5 күннен аспайды.

Бағдарламаның қолжетімді талаптары отандық өндірістің техникасына үлкен сұраныс тудырды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 20,8 млрд. теңге сомасына 313 өтінім келіп түсті.

ҚазАгроҚаржы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялары тобына кіреді.


Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру