(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"ҚазАгроҚаржы" АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы 2022 жылғы 17 тамызда "жеңілдікті лизинг"бағдарламасын іске асыру шеңберінде алғашқы техниканы берді

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы 2022 жылғы 17 тамызда «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын іске асыру шеңберінде алғашқы техниканы берді

Бүгін, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың ӨКЖ операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдікті кредит беру тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай облысының фермерлеріне алғашқы трактор мен комбайнды беру рәсімі өтті.

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыру арқасында «Көктем» ШҚ, «Утемисова Галина Нурахметовна» ШҚ және «Майбасова З.М.» ШҚ фермерлері егін жинау науқанын жаңа техникамен бастамақшы!

«Көктем» ШҚ «Кировец» К-735 тракторын (өндірушісі - «Қостанай трактор зауыты» ЖШС) лизингке алуға өтінімді 2022 жылғы 08 тамызда берген. Шаруашылық 2003 жылы құрылған, алаңы 2487,8 га алқапта дәнді дақыл өнімдерін өндіруге мамандануда.


«Утемисова Галина Нурахметовна» ШҚ Essil КЗС-750 комбайнын (өндірушісі «Агромашхолдинг KZ» АҚ) сатып алуға Жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысуға өтінімді 2022 жылғы 08 тамызда берген. Шаруашылық алаңы 621,1 га алқапта өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге мамандануда.

«Утемисова Галина Нурахметовна» ШҚ өкілі техниканы жеңілдетілген талаптарда алуға мүмкіндік берілгені үшін алғысын білдірді:

«Біз бұл бағдарламаға өте қуаныштымыз, тиімді талаптарда ESSIL КЗС-750 комбайнын сатып алдық. ҚазАгроҚаржыға осы мүмкіндік үшін алғысымызды білдіреміз, - деді «Утемисова Галина Нурахметовна» ШҚ өкілі.

«Майбасова З.М.» ШҚ «Кировец» К-742 тракторын (өндірушісі - «Қостанай трактор зауыты» ЖШС) лизингке алуға өтінімді 2022 жылғы 05 тамызда берген. Шаруашылық алаңы 1206,4 га алқапта дәнді-дақыл өнімдерін өндіруге мамандануда. 

«Майбасова З.М.» шаруа қожалығының өкілі көрсеткен қызметінің жоғары сапасы үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на алғысын білдірді:

«ҚазАгроҚаржы өтінімді жылдам қарады, 5 тамызда өтінім бердік, 12 тамызда мақұлданды, ал бүгін 17 тамызда техниканы аламыз. Өте жақсы бағдарлама, фермерлерге көмек, талаптары өте қолайлы, бастапқы төлемсіз. ҚазАгроҚаржының арқасында өзін жақсы жағынан көрсеткен жаңа Кировец тракторын алуға мүмкіндігіміз бар. Рахмет!», - деді «Майбасова З. М.»  шаруа қожалығының өкілі». 


Естеріңізге саламыз, «Жасыл-Даму» АҚ (ӨКЖ операторы) қаражаты есебінен Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыру үшін отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының мыңға жуық бірлігін сатып алуға 40 млрд теңге бөлінеді.

Бағдарлама талаптары:

  1. лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  2. сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
  3. лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;
  4. негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Бастапқы жарна енгізу және кепіл беру қажеттілігінің болмауы ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына егін жинау жұмыстарын бастау үшін техника паркін жеңілдікті талаптарда жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да скоринг жүйесін енгізудің арқасында өтінімдер қысқа мерзімде қаралады және 5 күннен аспайды.

Бағдарламаның қолжетімді талаптары отандық өндірістің техникасына үлкен сұраныс тудырды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 15,4 млрд теңге сомасына 202 өтінім келіп түсті.


Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру