(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Қостанай облысында жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі

Жаңалықтар

Жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасын Қостанай облысында береді

2022 жылғы 17 тамызда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы Жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасын алғаш рет бермекші. Техниканың беру рәсімі сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Қостанай қ., Өнеркәсіптік көшесі 41, «АгромашХолдинг KZ» АҚ Оқшаулау орталығы.

«Жасыл-Даму» АҚ (оператор ӨКЖ) қаражаты есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыру үшін отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының мыңға жуық бірлігін сатып алуға 40 млрд теңге бөлінеді.

Бағдарлама талаптары:

  1. лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  2. сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
  3. лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;
  4. негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Бастапқы жарна салу және кепіл беру қажеттілігінің болмауы ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына егін жинау жұмыстарын бастау үшін техника паркін жеңілдікті талаптарда жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да скоринг жүйесін енгізудің арқасында өтінімдер қысқа мерзімде қаралады және 5 күннен аспайды.

Бағдарламаның қолжетімді талаптары отандық өндірістің техникасына үлкен сұраныс тудырды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на Қазақстанның 13 өңіріндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден отандық өндірістің 179 тракторы мен 74 комбайнын сатып алуға 14,6 млрд теңге сомасына 181 өтінім келіп түсті.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру