(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ҚазАгроҚаржы " АҚ-дан жеңілдікті лизинг бағдарламасының сәтті басталуы

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан Жеңілдікті лизинг бағдарламасының сәтті басталуы

«Жасыл-Даму» АҚ (ӨКЖ операторы) қаражаты есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыру үшін шамамен мың бірлік отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд. теңге бөлініп отыр.

Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на Қазақстанның 11 өңіріндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алуға 9,3 млрд. теңге сомасына113 өтінім келіп түсті.


Бағдарлама шарттары:

  1. лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  2. сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
  3. лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;
  4. негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Жеңілдікті Бағдарлама ұсақ және орта АШТӨ үшін есептелген, сондықтан Бағдарлама бойынша бір техника лизинг алушысына – 205 млн теңгеден аспайтын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен аспайтын лимит белгіленген. Техниканың бір лизинг алушысына қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.

Жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасын 2022 жылғы 17 тамызда Қостанай облысында беру жоспарланып отыр. Техника сағат 11.00-де мына мекенжайда беріледі: Қостанай қ., Өнеркәсіптік көшесі 41, Локализационный центр АО «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның Оқшаулау орталығы.


Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру